Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Фуат Октай естіртті,  Түркия конференциядан шығып кетті» деген тақырып қолданған.  Президенттің орынбасары Фуат Октай кеше Түркияның Италияда өткен Халықаралық Ливия концеренциядан шығып кеткенін хабарлады. Конференция болған Палермо қаласындағы қонақүйде баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Октай: «Халықаралық қоғам, өкінішке орай, бүгін біртұтас бола алмады.  Кейбір елдер Италияның қонақжайлығын аяққа таптап,  соңғы сәтте өз дегенін істетуге тырысты. Кейбір елдердің үрдісті өз мүдделеріне пайдалануы жалғасатын болса,  Ливияда тұрақтылық болмайды» деді.

Сабах газеті жаңа әуежайға байланысты хабар жариялаған. Түрік Әуе жолдары компаниясы 31 қазан күнінен рейстерін бастаған Стамбул әуежайынан бүгінге дейін 15 мың жолаушының қызмет алғанын, жылдың аяғына дейін 43 мың адамның билет алып қойғанын білдірді.

Хүрриет газеті «Түрік балы көбіне Германияға сатылды» деген хабар жариялаған.  Түркия жылдың алғашқы 10 айында 21 миллион 785 мың 623 долларлық бал сатты.  Бал экспортында 2 мың 207 тоннамен Германия бірінші орында. Осы елге жасалған экспорттан 10 миллион 116 мың 939 доллар табыс түсті.  Осы мерзімде Америка Құрама Штаттарына 5 миллион 36 мың 125 доллар,  Испанияға 1 миллион 324 мың 16 доллар,  Сауд Арабиясына 1 миллион 280 мың 415 долларлық бал сатылды.

Хабер Түрік газеті болса шетелдік азаматтарға берілген жұмыс істеу рұқсаты жөнінде хабар жариялаған.  Отбасы,  еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігі биылғы қаңтар-қазан айларында 97 мың шетел азаматына жұмыс істеу рұқсатын берді.  түркияда жұмыс істеу рұқсаты берілгендер арасында Сирия,  Грузия,  Қырғызстан,  Украина, Қытай және Түрікменстан азаматтары көп. Финляндиядан Мексикаға,  Жапониядан Бразилияға, Эстониядан Перуға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен келген азаматтарға табыс көзі болған Түркияға 165 елдің азаматтары жұмыс істеу рұқсатын сұрап келді.

Стар газеті спорт жаңалықтарына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда,  Бешикташ әйелдер волейбол командасы CEV Challenge кубогында екінші іріктеу турында Косовоның командасын 3-0 жеңді. Реванш матчы бейсенбі күні «Бурхан Фелек» волейбол залында өтеді.

 



Ұқсас жаңалықтар