Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және жаһандық жаңалықтарға орын берген.

1083994
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Министр Акардан АҚШ-тың PKK басшыларына қатысты шешімдерімен байланысты мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің бөлшектеуші террор ұйымыPKK-ның жоғары лауазымды 3 тұлғасы туралы «Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында хабарлағандарға сыйақы беру жайлы шешімін болымды қарсы алғанын дегенмен осы шешімнің «кешіккен бір шешім» екенін атап көрсетті. Акар АҚШ-тан бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған ұстанымды, одан ешбір өзгешелігі болмаған YPG ұйымына қарсы да көрсетуін күткендерін атап айтты.

Хүррийет газеті «Еуроодақтан Түркияның мүшелік кезеңіне қолдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ Түркиямен мүшелік келіссөздерін жалғастыруға қолдау бергенін мәлімдеді. Еуроодақ комиссиясы мәлімдемешісі Маргаритис Чинас күнделікті баспасөз жиналысында Анадолы агенттігі тілшісінің «Еуроодақ Комиссиясының дамуға жауапты мүшесі Йоханнес Хахн Түркиямен келіссөздердің аяқталу керектігін атап айтты. Бұл Еуроодақ Комиссиясының ресми көзқарасы ма?» деген сұрағына «Еуроодақтың ресми ұстанымы  тек қана төраға Джан-Юнкер тарапынан жарияланады» деп жауап қайтарған Чинас «Еуроодақ Комиссиясының ресми көзқарасы Түркиямен мүшелік келіссөздерін жалғастыру» деді.

Ватан газеті «Түркия Кеңесте орын алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Дубайда болып өткен сайлаумен Халықаралық Телекоммуникация Одағы Кеңесінің құрамына кірді. Кеңес сайлауында 146 елден дауыс жинап, мүшелікке сайланды. Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде жаһандық көлемде байланыс желілері мен қызмет саласы арасында ортақ қозғалу қабілетін қамтамасыз ету мақсатты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Мамандандырылған ұйымы "ITU" Кеңесі мүшелігі сайлауының 2018 жылы 5 қараша күні Дубайда болып өткені еске салынды. Мәлімдемеде «Сайлауда Түркия 146 елдің қолдауымен бесінші рет ITU Кеңес мүшелігіне сайланды» делінді.

Сабах газеті «Әуе жолы жолаушы саны 10 айдың ішінде 183 миллионға ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда ел көлемінде биыл қазанайы соңынан бастап, әуе жолымен 182 миллион 709 мың 862 жолаушыға қызмет көрсетілді. Мемлекеттік әуежай менеджменті бас дирекциясы қазан айына қатысты әуежай, ұшақ жолаушы және жүк статистикаларын жариялады. Осыған қарағанда қазан айында әуежайларға қонып ұшқан ұшақ саны ішкі терминалда 75 мың 583, шетел терминалдарында болса 61 мың 332 болып жүзеге асты.

Стар газеті «Indo Defence көрмесінде ‘Kaplan MT’ назар аударды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағандаIndo Defence көрмесі кеше Индонезияда басталды. «FNSS» фирмасының Индонезия фирмасы «PT Pindad»-пен ортақ Түркияда жобалап, жетілдірген орта салмақтағы танкі «KAPLAN MT» көрмеде жаңа бір атпен орын алды. Индонезияда қабылдау сынақтарынан табысты түрде өткен танктың өндірістік аты «Harimau» деп аталды.



Ұқсас жаңалықтар