Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түркия-Қазақстан арасында 2 миллиард долларлық келісім» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған мен Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды. Ердоған Түркияның әрқашан Қазақстанға қолдауын жалғастыратынын атап көрсетті. Назарбаев болса сапары барысында шамамен 2 миллиард долларлық инвестициялық келісімге қол қойғандарын атап, «Мен осы ынтымақтастыққа ризамын. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан да жетілдіру біздің басты мақсатымыз. Осы ынтымақтастықты жетілдіруге дайынбыз» деді.

Ватан газеті «Түрік және Әзірбайжан соғыс ұшақтары бірге ұшты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарғанда, Кония 3-ші Реактивті ұшақ базасында 3 қыркүйек күні басталған «TURAZ-2018 әскери жаттығуы» жалғасуда. Әзірбайжан әуе күштеріне тиесілі 2 дана «MiG-29» және 3 дана «Su-25» шабуыл ұшағы мен Түрік әуен күштерінің «F-16» соғыс ұшақтары тактикалық ұшу жаттығуы жоспары аясында бірге ұшты.

Стар газеті «Түркия аптасына 1 ұшқышсыз қарулы дрон өндіретін жағдайға ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда Expo қорғаныс, авиация, ғарыш өнеркәсібі көрмесінің ашылу рәсімінде үн қатқан Байкар фирмасының бас директоры Халук Байрактар «Бұдан 10 жыл бұрын шетелге ақшасын төлеп талап еткен ұшқышсыз ұшу аппараттарын бізге бермейтін. Қазір Түркия аптасына 1 ұшқышсыз ұшу аппараты өндіруде. Технологиялық тұрғыдан жетілген ұшқышсыз ұшу аппаратты «SİHA»-лар елімізге қызмет ететін деңгейге ұласты. Бұл жаңалық отандық технология бастамасын қолдау арқылы жүзеге асты» деді.

Хүррийет газеті «Теңіз үстіндегі әуежайда ұшу рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркия және Еуропаның алғашқысы, әлемнің болса теңізді толтырып салынған екінші әуежайы болған Орду-Гиресун әуежайында тасымалданған жолаушы саны 2 миллион 800 мыңнан асты. 2015 жылы 22 мамыр күні іске қосылған әуежайда 3 жылда 21 мың 549 рейс ұшып, 2 миллион 825 мың 569 жолаушы тасымалданды. Тасымалданған жолаушы санының жылдың соңында 3 миллионға жақындайтыны болжалады.

Хабертүрік газеті «Римде Дженгиз Үндерге үлкен қызығушылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италияның Рим клубында футбол ойнаған ұлттық спортшымыз Дженгиз Үндер клубының жаңа танытылған формасына қол қою рәсімінде римдіктермен бас қосты. Via del Corso-дағы бір сауда орталығында болып өткен іс-шараға әйел, еркек әр жастан римдіктер қатысты. Римнің футбол сүйер қауымы футболшымен естелік суретке түсіп, футболшының өзінен қол қойған формасын алды.



Ұқсас жаңалықтар