Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1044981
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түрік Қорғаныс өнеркәсібінің табысы 10 миллиард түрік лирасынан асты» деген хабарға орын берген.  Түрік Қарулы күштерін нығайту фондына қарасты серіктері және қорғаныс өнеркәсібінің жетекшілері деп аталған фирмалар өткен жылғы күшімен 10,5 миллиард лиралық табысқа жетті. Фирмалар өздері жетілдірген оригинал,  отандық,  жаңалықшыл өнім мен жүйелерді шетелге экспорт ету арқылы да түрік өнеркәсібіне үлкен үлес қосуда.  Түрік қорғаныс фирмалары әлемнің ең ірі 100 қорғаныс өнеркәсібі фирмасы арасында орын алуда.

Хүрриет газеті «Түркияның таңдаулы жерлерінің бірі,  бір барған қайтып келеді» деген хабарға орын берген.

Анталияның Ибрады ауданындағы Түркияның ең үлкен, әлемдегі үшінші жер асты көлі табылатын Алтынбесік үңгірі жыл сайын отандық және шетелдік туристердің назарын аударып отыр.  Минералды суына байланысты туркуваз түсіндегі көлі үңгірге түскен күн сәулесімен келушілерге тамаша көрініс ұсынады. Теңіз деңгейінен 450 метр биіктіктегі үңгірге ұзындығы 400 метрлік жер асты көлінің үстімен қайықпен жетуге болады.

Ватан газеті неміс туристердің Түркияға көп келе бастайтынын жазған.  Биылғы 7 айда өткен жылға қарағанда 20 пайыз артып, 2 миллион 321 мың неміс турист Түркияға келген. Германияның алдынғы қатарлы туризм фирмалары одан көп неміс туристің Түркияға келетін сүйіншіледі. Германияның маңызды зерттеу фирмасының директоры Ландж: «Түркия- таңдаулы ел. Билет сатып алу үшін сұраныс өте көп. Түркияға алдымыздағы апталарда да көптеген турист барады деп отырмыз» деді.

Стар газеті «Түркияның авиация, ғарыш және технология фестивалі басталады» деген хабар жариялаған.  Түркияның авиация,  ғарыш және технология саласындағы алғашқы фестивалі Технофест 20-23 қыркүйек күндері арасында Стамбулда жаңа салынған әуежайда өтеді. Шара барысында технология байқаулары, авиа шоулар, семинарлар,  халықаралық кәсіпкерлер жиналысы ұйымдастырылады. Байқаулар «адам баласы үшін пайдалы технология, ұшқышсыз әуе көлігі, ұшақ,  жүргізушісіз су асты жүйелер,  робот, жасанды интеллект, зымыран, спутник» секілді 12 категориядан тұрады.

Сабах газеті «Авиа жолаушы саны артты» деген хабарға орын берген.  Түркияда әуежолы жолаушы саны тамыз айында 4,8 пайыз артып, 22,8 миллионға жетті.  Шетелдік жолаушы саны болса 10,8 пайыз артты. Қаңтар-тамыз айлары арасында жолаушы саны 12,5 пайыз артып, 143,5 миллионға жетті.



Ұқсас жаңалықтар