Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Teknofest Istanbul үшін санаулы уақыт қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Teknofest Istanbul «Отандық технология бастамасы» нысаналары аясында 20-23 қыркүйек күні әлемнің ең үлкен әуежайы болған Стамбұл жаңа әуежайында ұйымдастырылады. Түркияның авиация, ғарыш және технология фестивалі ретінде Teknofest Istanbul Түркия тарихының ең үлкен жүлде берген технология жарысына қоса авиация шоуы, семинарлар, халықаралық инвесторлар саммиті және іс-шараларды келушілеріне ұсынады.

Хабер түрік газеті «Turkish Cargo ұшқан жер саны 85-ке ұласты» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда авиация жүк тасымалдау саласында әлемнің ең жылдам өскен авиация жүк фирмасы болған «Turkish Cargo» ұшу бағыттарына Руанданың бас қаласы Кигали мен Оманның бас қаласы Мускатты да қосты. Жаңа ұшу бағыттарымен бірге Turkish Cargo ұшатын жерлердің саны 85-ке ұласты.

Стар газеті «Түркия мен Ресей ауылшаруашылығы саласында келісім жасайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Ресей 5 қыркүйек күні Стамбұлда ұйымдастырылатын “Istanbul CNR Expo” аясында жүзеге асырылатын форум арқылы ауылшаруашылығы саласында келісімдер жасауға дайындалуда.  "Food İstanbul" көрмесінің артынан Сыртқы экономикалық қатынастар кеңесі ұйымдастырған Түркия-Ресей іс кеңесі аясында екі ел арасында текстиль, темір-болат, азық-түлік, мебель, егіншілік және техника салаларының өкілдері қатысатын іскер мен инвестиция мүмкіншіліктері қолға алынатын бір жиналыс жүзеге аспақ. Іс-шаралар аясында екі ел арасында ауылшаруашылығы саласында бірнеше келісім-шартқа да қол қойылады.

Сабах газеті «Туристтер Памуккалеге бағыт алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денизлидің ақ жәннәті Памуккале б.з.к. 60 жылында зілзаламен пайда болған және Мысырдың соңғы патшайымы Клеопатраның да келіп жуынған жері екені алға тартылған Клеопатра хауызы аймаққа келген туристтердің назарын аударуда. Ежелгі хауыз ішіндегі тарихи жәдігерлер арасында жүзген туристтер жылы және шипалы екені алға тартылған суда демалады. «Клеопатраның сұлулық хауызы» деп аталған ежелгі хауызға жергілікті және шетелдік туристтерге қоса әртүрлі ауруларға шипа іздейтіндер қатты назар аударуда.

Хүррийет газеті «Атақты актер Ван Дамм Түркияны мақтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталиядағы бір жүлде рәсіміне қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысқан Джан-Клод Ван Дамм Түркия жайлы көзқарастарын бөлісті. «Түріктер өте шынайы және ақкөңіл» деген Ван Дамм түріктің тағамдарын «Фантастикалық! Осында маған соншама көп түрік тағамы ұсынылды, қайсы туралы айтайын білмеймін. Дегенмен әсіресе тас кәуабы ерекше керемет еді» деп бағалады. Ван Дамм Түркияда текстиль саласына инвестиция салғысы келгенін де тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар