Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Катарлық 5 фирма Түркияға инвестиция сала бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Катар мемлекетінің 15 миллиард долларлық бастамасының артынан елдің жекеменшік саласы да бағытын Түркияға айналдырды. Елдің алдынғы катарлы 5 холдингі алғашқы сатыда 300 миллион доллар үшін іске кірісті. «Qatar Holding», «Essa, Nora Raşit Al Doosori», «Al Sumeiti» және «Raşit El Kubeysi» фирмаларының инвестицияларын басқарған «Royal Link» фирмасының бас директоры Ахмет Хүсейн Ахмет Хасан Катарда инвесторлармен шұғылданатын бір офис құрылған жағдайда, жекеменшік саладан Түркияға салынатын инвестициялардың 50 миллиард долларға ұласа алатынын атап көрсетті.

Йени шафак газеті «Биржадағы автокөлік фирмаларының табысы 25 пайыз өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биржа Стамбұлда автокөлік саласында жұмыс істейтін 8 фирманың жалпы нақты табысы жылдың алғашқы жартысында алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 25 пайыз артып, 1 миллиард 748,7 миллион түрік лирасына ұласты. Автокөлік фирмасының жалпы активтері екінші ширекте 42 миллиард лираға жақындап жатса, өз резервтері де 10 миллиард лирадан асты.

Стар газеті «Отандық тікұшақтың көгілдір аспандағы сынақ күні белгілі болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш өзіне тән тікұшағы T-625 мотор сынағын бастады. Дизайны және өндірісі отандық тікұшақ 6 қыркүйек күні алғашқы ұшу сынағынан өтеді. T-625 тікұшағы қиын климат пен аймақтарда жоғары биіктікте, жоғары жылуда, түнде немесе күндіз әртүрлі шарттарда қызметін орындайтын формада жетілдірілді.

Сабах газеті «Әлемнің ең жақсы 7 жүріс жолы бағытының бірі Түркияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Муғланың Фетхийе ауданынан Анталияға дейін созылған 540 шақырымдық әлемнің ең жақсы 7 ұзақ қашықтықтағы жүріс жолы бағытының бірі ретінде қабылданған Ликия жолы келушілеріне теңдесі жоқ табиғат көрінісімен де тарихи бір жолаушылық ұсынады. Өлүдениз көрінісімен басталған керемет жол табиғи сұлулықтар арасында тарихта жолаушылыққа шыққандай сезіндіреді. Фетхийе мен Анталия арасында Жерорта теңізіне қарай созылған Теке жарты түбегі, тарих беттерінде Ликия деп аталады. Жарты аралды кейде таулардың шыңдарынан, кейде керемет пляждары, кейде ежелгі қалалардың ішінен өтетін белгілер қойылған тар жолдарды Ликия жолы деп атайды.

Хабертүрік газеті «Анталия туризмінде тамыз айы рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия тамыз айында туризмде барлық уақыттардың рекордын жасады. Өткен айдың ішінде қалаға келген турист саны 2 миллион 150 мың 448 адамға ұласты. 1 қаңтар-31 тамыз күндері арасында қалаға келген турист саны болса 30 тамыз күнінен бастап, 9 миллион 62 мың адам болды. Қалаға 2018 жылы жалпы 14 миллион адамның келуі күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар