Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті F-35 ұшағымен алғашқы рейс жөніндегі хабарға орын берген.  Түрік әскери ұшқышы Америка Құрама Штаттарында оқу-жаттығу барысында F-35 әскери ұшағымен бірінші рет ұшты.  Қабылдап алынған ұшақ Түрік Әуе күштері қолбасшылығының инвентарына енген алғашқы бесінші буын әскери ұшақ болып саналады.  Көріну ерекшелігі төмен, сенсор технологиясы және радар жүйесі секілді жоғары қабілеттерімен Түрік Әуе күштері қолбасшылығының оперативтік ықпалдығына үлкен үлес қосатын F-35 ұшақтарының 100 данасын Түркия алуды жоспарлап отыр.

Хабер Түрік газеті «Ресми резерв активтері шілде айында артты» деген хабар жариялаған. Түркия Республикасы Орталық банкы 2018 жылдың шілде айында халықаралық резервтер мен валюта активтері жөнінде жариялады.  Осыған орай ресми резерв активтері алдынғы аймен салыстырғанда 2,4 пайыз артып, 100,7 миллиард доллар болды. Осы кезеңде валюта активтері алдынғы айға қарағанда 3,9 пайыз артып, 76,9 миллиард доллар болды.

Йени Шафак газеті де экономика хабарына орын берген. Америка Құрама Штаттарының фонд компаниясы Neuberger Berman түрік банктерінің валютадағы акцияларымен инвестицияларын қорғауға алды. Компанияның басқарушысы Бомми «Түркияда біз инвестиция салған мекемелер мен банктердің жағдайы жақсы» деді. Бомми Түркияда одан да көп инвестиция үшін мүмкіндік қалыптасуы мүмкін екенін айтты.

Ватан газеті «Дүкендердің витринасы Қытай және араб туристерге сай болады» деген тақырып қолданған.  Дайын киім секторы Түркияны сауда жұмағына айналдыратын қадамдар басуда.  Түркияның әсіресе Таяу Шығыс және Қиыр Шығыстың алыс-беріс орталығы болатынын білдірген сектор өкілдері коллекцияларын да жаңа талаптарға сай өзгерте бастады.  Шетелдіктердің Түркияға сауда үшін келе бастағанын айтқан сектор өкілдері жаңа маусым коллекцияларын шетелдіктер үшін дайындай бастады. Шетелдіктер енді Түркияда тек теңізге кіріп,  күнге күйдірінбейді,  тек алыс-беріс үшін келетіндер саны да артты.

Стар газеті «Шығыс Анадолының обсерваториясы 2020 жылы ашылады» деген хабар жариялаған.  Түркияның ең ірі ғарыш зерттеу жобалары арасында орын алған Шығыс Анадолы обсерваториясы үшін іске кірісті. Ерзурум қаласында 3170 метр биіктікте Конаклы Каракая төбесіне салынатын обсерватория ғарыштың құпиясын бізге жеткізетін болатын. Әлемнің ең жоғары технологиясына ие 3 обсерваториясының бірі болатын Шығыс Анадолы обсерваториясы 2020 жылы қызметке беріледі.



Ұқсас жаңалықтар