Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Доллар беделінен айрылуда» деген тақырып қолданған.  ТР Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак ресми байланыстармен Францияға аттанды.  Албайрак Франция Қаржы министрі Бруно ле Мейрмен кездесті. Кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жааған министр Албайрак Америка Құрама Штаттарының коммерциялық санкцияларын қолға алғандарын білдірді.  Министр Түркия мен Францияның бірге қозғалатынын айтып,  доллардың жаһандық саудада сенімді құрал болу ерекшелігінен айрылып қалғанын атап көрсетті.

Сабах газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі Қытай медиасында» деген тақырып қолданған. Қытай телеарнасында жарияланған бір хабарда түрік қорғаныс өнеркәсібінің экономикаға қосқан үлесі жөнінде айтылды.  Хабарда «Елдің қорғаныс өнеркәсібінің экспорты халықаралық нарықта едәуір беделді,  бәлкім Түркияның экономикалық өсімі үшін іштен жандандыратын бір фактор» деп айтылды. Хабарда сонымен бірге «Америка Құрама Штаттары Түркияны экономикалық тұрғыдан «қыспаққа алуға» тырысса да,  Түркияның әсіресе қорғаныс өнеркәсібіндегі күші тамсандырады. Сауданың артуы және табысты өнімдердің нарықта танымал бола бастауы осыны көрсетеді» деген сөздерге орын берілді.

Стар газеті де экономика хабарына орын берген.  «Бір экономикалық «мергеннің» мойындауы» атты кітаптың авторы Джон Перкинс «Түркия секілді дамыған экономикаларды нысанаға алған экономикалық мергендер бар екеніне күмәнім жоқ» деді.  Перкинс соңғы кезде Америка Құрама Штаттарының Түркияға қарсы экономикалық қысым қалыптастыруға тырысқаны жөнінде болса «Түркияға Халықаралық валюта фондынан аулақ болуды кеңес беремін» деді.

Хабер Түрік газеті Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мен жұбайының демалыс үшін Түркияға келгенін жазған.  Түркияда демалған Николя Саркози мен жұбайы Карла Бруни Францияға оралу үшін Бодрумнан Стамбулға ұшты.  Саркози Түрік Әуе жолдары авиакомпаниясының ұшағына мінер кезде баршаға қол бұлғады. Ол кейбір жолаушылармен күліп сөйлесті, суретке түскісі келгендермен суретке түсті. Жұбайы Бруни болса жол бойы кітап оқыды. Ол әлеуметтік желіде «Сұлу Түркия, түске ұқсайсың» деп жазды.

Ватан газеті «Әлемнің ең таза қалалары қатарына Түркиядан 4 қала енді» деген тақырыппен хабар жариялаған. Түрлі елдер мен қалалар жөнінде мәлімет беретін бір интернет парақшасы қалалардың гигиеналық индекстерін жариялады. Түркиядан тізімге Стамбул, Анкара,  Бурс және Измир қалалары енді. Әлемдегі гигиенасы ең таза қалалар тізімі дайындалу барысында қалалардағы жасыл алаңдар, спорттық кешендердің сапасы,  ауа мен су  тазалығы, орташа өмір, семіздік көрсеткіші және жұмыс пен тұрмыс теңгерімі секілді 10 критерия қарастырылған.



Ұқсас жаңалықтар