Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Президенттік аппарат Жеңіс апталығына орай бір бейне көрініс жариялады» атты хабар жариялаған. Малазгирт жеңісінің 947 жылдығына орай президенттіктің ресми твиттер парақшасынан бір бейне көрініс жарияланды. Малазгиртте түріктердің Анадолыға кіруінің көрсеткіші ретінде басылған құтты қадамның хикаясын түсіндірген бейне көрініске қоса, «Жеңіс апталығына орай барлық шәйіттерімізді Алланың рақымшылығымен еске ала отырып, ардагерлерімізге алғысымызды айтамыз» делінген мәлімдеме назар аударды. Қысқа уақытта бейне көрініс әлеуметтік медиада рекорд жасады.

Хабертүрік  газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібінен рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «ROKETSAN» тарапынан Біріккен Араб Әмірліктері үшін жетілдірілген «Jobaria» атты көп орынды ‘Lançer’ (Ланчер), «Оқпан саны тұрғысынан әлемнің ең үлкен зымыран зеңбірегі» ретінде Гиннесс рекордтар кітабында орын алды. Әлемнің ең мықты 122 миллиметрлік зеңбірек жүйесі болып қабылданған 10 дөңгелекті жартылай тіркемелі көлікке орналастырылған 4 дана 122 миллиметрлік зымыран орынына ие, бір жолда 240 дана зымыранды 2 минуттың ішінде нысанаға жеткізе алады. Жүйе 4 шақырымдық ауқымы бар алаңды жою қабілетіне ие.

Ватан газеті «Неміс лауазымды қожайындар мен инвесторларды Түркияға шақырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда SunExpress авиация фирмасы директоры Йенс Бишоф «Инвесторларға ұсынысым инвестиция салу шешімдерін үстелдегі сараптамаларға қарап қабылдамауы. Осыған келіңдер, бұл елді, айналаны, инфрақұрылымын көріңдер» деп шақыру тастады. Түрік туризм саласы мен елге деген қызығушылықтың артқанын атап көрсеткен Бишоф «Әсіресе Еуропадан келуші туристтер тұрғысынан қарағанда қайтадан күшейгенін байқайсыз. Өткен жылы Түркиядағы туристтік орталықтарға және Анатолыға жалпы 8,8 миллион жолаушы тасымалдадық. 1,15 миллиард евромен рекорд табыс түсірдік. 2018 жылы әрі түрік туризмі, әрі SunExpress үшін одан да жақсы болмақ» деп мәлімдеді.

Стар газеті «Түркияда мұнай алаңдары енді аспаннан анықталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Африка құрлығынан бастап, әлемнің түкпір-түкпірінде қолданылған әуеден мұнай сейсмикалық зерттеулерінің алғашқы жұмыстары Түркияда да іске қосылды. Түркия мұнайлары А.Қ. шығыс пен оңтүстік шығыста сейсмикалық жұмыстарын әуеден жүргізуде.

Сабах газеті «Муғлада бүкіләлемдік ралли чемпионатына дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2018 Бүкіләлемдік Ралли чемпионатының (WRC) 10-шы жарысы ретінде Түркия раллиі 13-16 қыркүйек күндері арасында Муғланың Мармарис ауданында болып өтеді.



Ұқсас жаңалықтар