Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Шетелдік инвесторларды Түркияға шақырды» деген хабарға орын берген. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың 6 мың шетелдік инвесторлармен телеконференция арқылы жиналыс өткізгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Албайрак телеконференцияда Түркияның қаржы жүйесінен және жасалатын алдын алу шаралардан сөз қозғап, инвестиция салу жөнінде үндеу тастады. Телеконференцияға 6 мыңнан астам шетелдік инвестор қатысты. Шетелдік инвесторлармен алғашқы телеконференция кездесуін өткізген министр Албайрак соңғы экономикалық ахуал жөнінде жаһандық инвесторларға айтарын тікелей жеткізді.

Стар газеті «Валюта айырбастау пунктері Түрік Лирасына үлгіре алмай жатыр» атты тақырып қолданған.  Газеттің хабарына қарағанда Америка Құрама Штаттары мен Түркия арасында экономикалық дағдарыс туылды. Дағдарыстан кейін валюта бағамындағы толқындарға наразылық көрсеткен азаматтар Президент Режеп Тайып Ердоғанынң үндеуіне құлақ асты және қолдарындағы АҚШ долларын Түрік Лирасына айырбастады. АҚШ долларын Түрік Лирасына айырбастаушылардың саны  соншалық валюта пункттері Түрік Лирасы айырбастауда үлгірмей жатыр.

Стар газеті хабарын «Катардан кейін Қытайдан да Түркияға алпауыт фирма келеді» деген тақырыбымен берді.  Газет Америка Құрама Штаттарының Түркияға жасаған санкциясынан кейін барша әлемнің Түркияға инвестиция салу үшін аттанысқа кіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Катардың 15 миллиард долларлық инвестиция жобасынан кейін Қытайдың алпауыт фирмасы да қадам басты. Шілде айында Қытайдың алпауыт фирмасы Alibaba тарапынан сатып алынған Trendyol ресми түрді топтың тармағына кірді. Әсіресе АҚШ-пен болған дағдарыстан кейін Түркия үкіметі Қытаймен қарым-қатынастарды күшейтетіні жөнінде  мәлімдеме жасады.  Осыған орай Alibaba-ның Түркияға орталық ашу жоспары қайтадан күн тәртіпке келді.

Ватан газеті «Қытайлық турист саны 91 пайыз артты» атты хабарға орын берген. Газет Түркияға осы жылдың алғашқы екі айында келген қытайлық турист санының өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 91 пайыз артып, 191 мыңға шыққанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда турист санындағы артуда мемлекеттегі таныстырумен қатар әйгілі әнші Шиао Джаңның Түркияны тақырып еткен «Сені романтика әлемі Түркияға апарғым келеді» деген әні қатты ықпалды болды.

Хабар Түрік газеті «Мармарис Еуропаның ең керемет демалыс орны қатарында » деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ хабар интернет сайты Business Insider Еуропаның ең керемет 18 демалыс орнын таңдады. Еуропаның ең керемет 18 демалыс орны қатарында Түркиядан Мармарис те бар.

 

 

 


Этикеттер: Қытай , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар