Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ұлыбританиядан түрік лирасына үлкен сұраныс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Акбанк бас директоры Хакан Бинбашгил шетел нарықтарында түрік лирасына үлкен сұраныс бар екенін мәлімдеуінің артынан маңызды бір хабар Ұлыбританиядан келді. «The Guardian» газеті елдің алдынғы қатарлы валюта фирмаларының бірі ICE-тің кассасында түрік лирасы қалмағанын жазды. Валюта фирмасы интернет парақшасы арқылы жасалған түрік лирасы сатып алулардың өткен аймен салыстырғанда 24 мың пайыз артқанын жариялады.

Сабах газеті «Түркияның байлықтарына инвестиция салудың уақыты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық қаржы нарықтарындағы дағдарыс болжамдарымен белгілі әйгілі инвестор Марк Фабер АҚШ бастаған жаһандық сауда соғыстарының ауыр зияндар келтіретінін атап көрсетті. Фабер «Сауда соғыстары толығымен есуастық. Жаһандық экономиканың әлсіреген бір кезеңінде жалғасуда» деді. Қазір түрік акцияларын сатып алудың уақыты екеніне назар аударған Фабер «Түрік акцияларын сатып аламын. Меніңше түріктің акцияларын сатып алатын кез келді» деп пайымдады.

Йени шафак газеті «Түркиямен сауда соғысы АҚШ биржасын шайқады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға қаржылай соғыс бастаған Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ биржасының шайқалуына себеп болды. CNN International биржадағы шайқалуды «Түркиямен сауда соғысы АҚШ биржасын құлдыратты» деп жариялады. CNN-де Фади Хакура тарапынан жарияланған сараптамалық хабарда «Батыс Түркиядан айырылудың беделін ауыр өтейді» деп пайым жасалған.

Стар газеті «Ресейден виза жеңілдігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 10-шы Өкілетті елшілер конференциясында баяндама жасады. Чавушоғлу Ресейдің Түркияға виза жеңілдігімен байланысты «Іскерлер мен ресми қызмет паспорттарына визаларды жойдық. Әсіресе жүк көлігі жүргізушілеріміздің виза шартын жақында жою жайлы келістік» деді. Министр Чавушоғлу жақын келешекте Ресейдің түрік азаматтары үшін визаларды толығымен жою тақырыбында тілек білдірді.

Хабертүрік газеті «Шілде айында шетелдіктерге тұрғын үй саудасы артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 65,6 пайыз өсіп, 2 мың 858-ге ұласты. Шетелдіктерге сатылған тұрғын үй тізімінде 2018 жылы шілде айында алғашқы орынды 956 тұрғын үймен Стамбұл бар. Стамбұл қаласының артынан кезегімен 641 тұрғын үймен Анталия, 176 тұрғын үймен Бурса, 167 тұрғын үймен Ялова және 132 тұрғын үймен Сакария қалалары келеді. Шілде айында тұрғын үйге ең көп сұраныс жасаған шетелдіктер қатарында Ирак, Иран, Сауд Арабиясы, Ресей және Кувейт азаматтары орын алады.



Ұқсас жаңалықтар