Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған Түркияның экономика саласында да бір қоршаумен бетпе-бет екенін атап көрсетті» деген хабарға орын берген. Газет президент Ердоғанның президенттік сарайда 10-шы Өкілетті елшілер конференциясында берілген түскі аста үн қатқанын жазған.  Газеттің хабарына қарағанда президент Ердоған сөйлеген сөзінде Америка Құрама Штаттары президент Дональд Трамптың Түркияға санкция жасау шешімін сынға тартты. Түркияның соңғы жылдары қол жеткізген халықаралық жетістіктері себепті нысанаға алынғанын атап көрсеткен Ердоған соңғы кездері Түркияның басқа салаларда болғандай, экономика саласында да бір қоршаумен бетпе-бет екенін атап көрсетті.

Хабар Түрік «Түркияның экономикалық динамиктері мықты» атты тақырып қолданған. Газет Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның Түркия экономикасы туралы мәлімдеме жасағанын жариялаған. Калын мәлімдемесінде «Қазына және қаржы министрлігі, Орталық Банк, Банктерді реттеу және бақылау кеңесі, Капитал нарығы кеңесі және басқа ұйымдарымыз қаржы тұрақтылығы үшін қажетті қадамдар басуда. Түркияның экономикалық динамиктері мықты, орнында және осылай жалғасады» деді.

Сабах газеті хабарын «Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ барша әлемге Түркияға инвестиция салу жөнінде үндеу тастады» деген тақырыбымен берген.  Газет Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Анкарада 10-шы Өкілетті елшілер Конференциясының ресми ашылу бағдарламасында үн қатқанын жазған.  Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ баяндамасында «Осы таңда Түркияға Еуропа құрлығының негізінен жартысы болып, түрлі құрлықтағы 74 ел халықаралық инвестиция салуда. Тіпті көп елдің Түркияға инвестиция салуын күтеміз. Барша әлем елдерін Түркияға инвестиция салуын шақырамыз. Әртүрлі операцияға, акцияларға қарамастан Түркия әлемде инвестиция салатын мемлекеттер арасында ыңғайлы елдің бірі» деді.

Йени Шафак газеті «Албайрак Германияның мәлімдемелеріне риза болдық» атты хабарға орын берген. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың «АҚШ-та Түркияға қарсы жасалған санкция шешімдеріне байланысты Германия экономика министрінің мәлімдемесіне риза болдым» дегенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Албайрак  «Жақсы ниет пен дипломатияны жақтаған саясатшылар Германия және Еуропа Одағымен болған қарым-қатынастарымызды күшейтеді» деген сөздер қолданды. Германия үкіметі «Түрік экономикасының тұрақтылығы біз үшін пайдалы, оқиғаларды қадағалап отырмыз» деген мәлімдеме жасаған болатын.

Хүрриет газеті «Ирактық туристтер ең көп Түркияны таңдауда» деген хабар қолданған. Газет Түркияның бай тарихы және керемет табиғат сұлулықтарымен күн өткен сайын ирактық туристтерді баурағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда ирактық туристтер ең көп Түркияны таңдауда.     

 


Этикеттер: Германия , Анкара

Ұқсас жаңалықтар