Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1030989
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ойыныңызды көрдік және жауап қайтарамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «Трабзон қаласынан жариялаймын. Ойыныңызды көрдік және жауап қайтарамыз. Сіз доллармен бізге шабуылдайтын болсаңыз, біз де басқа әдістермен шаралар қабылдаймыз. 81 миллиондық елмен стратегиялық ортақтықты құрбан қылғысы келгендермен қоштасамыз» деді.

Ватан газеті «Мәскеуден кейбір түрік азаматтарына виза жеңілдігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей Сыртқы істер министрлігі түрік азаматтарына бағыттап кейбір категорияларда визаларды жоюға дайын екендерін білдірді. Министрлік жасаған мәлімдемеде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың 10-шы Өкілетті елшілер конференциясы аясында 13-14 тамыз күндері Түркияға жасайтын ресми сапары аясында Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қолға алатындарын білдірді. Мәлімдемеде «Елдеріміз арасындағы сауда көлеміндегі арту бізді қуантады. Іс-сапарымыз аясындаекі ел азаматтарының саяхаттарында виза жеңілдігі тақырыбын қолға аламыз. Мәскеу түрік азаматтарына бағыттап кейбір категорияларда визаларды жоюға дайын екенін қайталайды» делінді.

Хабертүрік газеті «Сауда кеңестері бағыт бермек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Рухсар Пекджан жаңа кезеңде азаматтық қоғам мекемелерімен ықпалды байланыста болатындарын және сауданы, экспортты арттыру үшін белсенді саясаттар іске қосатындарын атап көрсетті. Министр Пекджан «Бұл аяда бір ақылдасу кеңесі құрдық. Сауданың алдындағы бөгеттерді жою, жекеменшік саланың алдын ашу мақсатты барлық тараптардың пікірлерін, ұсыныстарын тыңдаймыз» деді.

Сабах газеті «Биледжиктен Францияға 45 жүк көлігі ұлу экспорты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биледжикте «құрлық ұлуы» өндірген бір фирма өнімдерін Францияға экспорттауда. Фирманың Балыкесир Бандырмадағы зауытында әзірленген ұлулар Биледжик өнеркәсіп аймағында құрылған 4 мың текше метрлік жабық алаңда өнімдер дайындалып, артынан экспортталуда.

Стар газеті «Ясемин Джан Еуропада үшінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропа Атлетика чемпионатында әйелдер 5 мың метрде ұлттық спортшы Ясемин Джан қола медальға қол жеткізді. Германияның бас қаласы Берлинде ұйымдастырылған чемпионаттың алтыншы және соңғы күнгі бөлімінде 5 мың метр ақтық сайыс өткізілді. Спортшымыз Джан жарысты 14 минут 57.63 секундтық дәрежемен үшінші орында аяқтап, қола медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар