Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Маңызды іс-сапар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия және АҚШ дін қызметкері Андреу Краиг Брунсон дағдарысынан бастап, екі жақты Әділет және Ішкі істер министрлеріне санкциялармен артқан дағдарысты шешу үшін үстелге отырды. Вашингтондағы алғашқы кездесуге Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал басшылық жасаған 9 адамнан тұратын делегация қатысты.

Хүррийет газеті «Болат экспорты артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ағымдағы жылдың алғашқы 7 айында 2017 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда болат өндірісінде экспорт 26,7 пайыз артып, 8,4 миллиард долларға ұласты. Бұл кезеңде болат саласының мөлшері тұрғысынан ең көп экспорт жасаған елдер тобы Еуроодақ болды. Еуроодақ елдеріне экспорт жылдың алғашқы 7 айлық кезеңінде 2017 жылының бірдей кезеңімен салыстырғанда 62,9 пайыз артып, 3 миллиард 604 миллион 730 мың долларға ұласты.

Сабах газеті «Энергия министрі Фатих Дөнмезден маңызды мәлімдемелер келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрі Фатих Дөнмез Атом стансасында Аккую және Синоптың артынан үшінші жобаның Фракия аймағында салынатыны атап көрсетілді. Дөнмез «Фракиядағы стансаны қытайлықтармен жасаймыз» деді.

Ватан газеті «Әлемде тұңғыш рет жасалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Мехмет Джаһит Турхан Түркияның мақтанышы жобалар үшін жұмыстарды жылдамдатқандарын атап көрсетті. Турхан қоғамда «Мега жоба» деп белгілі 3 қабатты Үлкен Стамбұл туннелі жобасының бүкіл әлемде алғаш рет салынатынын атап, дайындықтары жалғасқан жобаның тендерге шығатыны атап көрсетті.

Стар газеті «Шегесіз мешіт жылдардан бері қираған жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кастамону ауданынақарасты Джандароғлу мырзаларының бірі Әділ бей тарапынан шеге қолданылмай 1366 жылы салынған ағаш Махмуд Бей мешіті жергілікті және шетелдік туристтердің қызығушылығын оятуда. ЮНЕСКО Әлем мұра нысандарының уақытша тізіміне кірген мешітті тұрақты тізімге алдыру үшін жұмыстар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар