Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігінен Грекияға наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісіХами Аксой Грекия Әділет министрі Ставрос Контонистің Түркияда іздеу салынған террорист тізімінде орын алған Түркия коммунистік партиясы/Маркс-Ленинистік ұйым мүшесі Тургут Каяны ұстап беру талабын қабылдамауына наразылық көрсетті. Аксой мәлімдемесінде «Интерпол тарапынан қызыл бюллетенмен іздеу салынған Тургут Каяның Грекия сотының кері қайтарылуы шешіміне қарамастан Грекия Әділет министрінің шешімімен елімізге қайтарылмауы Грекия саяси билігінің елімізге қарсы бағытталған дәстүрлі реакциясының өзгермегенін көрсетеді» деді.

Хабер түрік газеті «Министр Пекджан сауданың жаңа жол картасын жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Рухсар Пекджан Түркияның экспорт бастамасының жалғасатынын білдірді. Пекджан ««Ықпалды және әртүрлі елдерге арнайы дайындалған стратегиялармен жаңа нарықтарға кіреміз. Бұл аяда Қытай, Латын Америка, Үндістан, Мексика және Африка сияқты саудалық күшке ие нарықтарға бағытталамыз» деді.

Стар газеті «Түркия автокөлік саласы экспорты шілде айында артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда автокөлік өнеркәсібінің шілде айы экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайыз артып, 2 миллиард 765 миллион долларға ұласты. Қаңтар-шілде айлары арасындағы кезеңде автокөлік экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 7 пайыз өсіп, 7 миллиард 662 миллион доллар болса, автокөлік жанамалы өнеркәсібінің экспорты 22 пайыз, жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік экспорты 15 пайыз, автобус пен кіші автобус экспорты болса 6 пайызға өсті.

Хүррийет газеті «Ла-Манш бұғазынан өткен ең жылдам түрік әйелі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда спортшы Бенгису Авджы Ұлыбритания және Францияның ортасын айырған Ла-Манш теңізін жүзіп өткен ең жылдам түрік әйелі атағын алып тарихқа таңбасын қалдырды. Ұлыбритания жағалауында Dover қаласынан суға кірген Авджы 11 сағат 29 минуттан кейін Франция жағалауындағы «Cap Gris Nez»-ге ұласты. Температурасы 14 бен 17 градус арасында өзгерген судың ішінде спортшы 36 шақырым үздіксіз жүзді.

Сабах газеті «Түркияның алғашқы электр қуатымен жүретін автобусы Хаджеттепеде қызмет атқарады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы жылдам зарядтау ерекшелігіне ие электрмен жүретін толығымен отандық автобусы Анкарадағы Хаджеттепе Университеті студенттерінің пайдалануына ұсынылған. Қоршаған ортаға ыңғайлы бір көзқараспен жетілдірілген электр қуатты автобус, қазынды отын орнына жалғастыра алатын бір энергия көзі ретінде электрмен жұмыс істейді. 



Ұқсас жаңалықтар