Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия тақырыпты аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Сыртқы істер министрлігі: АҚШ-тың шабуылдаушы ұстанымына жауап қайтарылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың екі түрік министрмен байланысты шешіміне Сыртқы істер министрлігінен наразылық келді. Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда «Санкция шешімін қатаң түрде айыптаймыз. Ешбір мақсаты болмаған шабуылдаушы ұстанымына кешіктірмей бірдей жауапты қайтарамыз. АҚШ әкімшілігін қатесінен қайтуға шақырамыз» делінді.

Сабах газеті «Ердоғаннан дарға асу жазасы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Хаккаридің Юксекова ауданында PKK-лық террористтер жолға орналастырған бомбаның жарылуы салдарынан шәйіт болған әскер жұбайы мен баласының жаназа рәсімінде айтқан сөзінде «Дарға асу тақырыбындағы көзқарасымды білесіздер. Барлық мәселе парламентке келіп, қабылдануы кейін болса мен бекітемін» деді.

Йени шафак газеті «34 мың сириялық өмір сүрген 5 баспана жабылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоғанныңсайлау алдында жариялаған «Сириялық қонақтардың өз елдеріндегі қауіпсіз алаңдарда үйлеріне оралуы қамтамасыз етіледі» деген уәдесінің алғашқы қадамы басылды. Газиантеп, Адыяман және Мардинде сириялықтар паналаған 5 уақытша баспана орталығы жабылып, лагердегі 34 мың 180 босқын шекара аймақтарына орналастырылады.

Хүррийет газеті «Эгейде маңызды міндет! Түрік инженерлері, әлемнің ең жылдамын өндірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік инженерлері дизайн еткен әлемнің ең жылдам радарға ұсталмайтын Суасты операциялық тобын (SAT) тасымалдау қайығы 'Yonca-Onuk' (Йонджа-Онук), Бодрумға келді. Қайыққа жаз маусымы бойынша Бодрум мен аумақтарына қоса, Йалыкавак, Гүмүшлүк, Тургут Реис, Акярлар, Битез айдыны мен Кардак жартастары арасындағы аймақта, адам саудасы және грек теңіз күштері қайықтарының түрік теңіз айдыны шекараларын бұзуының алдын алуы және операциялық жауапкершілік қызметі берілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар