Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1015932
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған BRICS-тің арнайы қонағы болады» деген хабарға орын берген.  Газеттің хабарына қарағанда Африка елдеріне ең көп сапар жасау атағына ие президент Режеп Тайып Ердоған енді Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка елдерінен құралған «BRICS» атты экономикалық қауымдастығы саммитіне қатысу үшін Африкаға барады. Саммитте ынтымақтастық жобаларына қоса саясат, экономика және қауіпсіздікпен байланысты тақырыптар қолға алынады. Сонымен қатар BRICS елдері мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар да талқыланады. Саммит 25-27 шілде аралығында Оңтүстік Африканың астанасы  Йоханнесбургте өтеді.

Ватан газеті «Түркия Израильге наразылық көрсетті» атты тақырып қолданған. Газет Түркияның Израильде қабылданған Еврей Ұлттық Мемлекеті заңына наразылық көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрлігі Израильдің мәжілісте бекіткен Еврей Ұлттық Мемлекеті заңымен байланысты, «Еврей Ұлттық заңы халықаралық құқық ережелерін аяққа таптайды. Палестиналықтардың құқығын ‘жоқ’ деп санайды» мәлімдеді.

Сабах газеті хабарын «Венесуэла алтындарын Түркияға жіберді» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Венесуэла кен ошақтары министрі Виктор Кано мемлекеттік кен өнеркәсібі фирмалары мен шағын кен ошақтары фирмаларының Венесуэлада шығарған алтындарын ақшаға айналдыру үшін Түркия жібергенін айтты.

Хабар Түрік газеті «Филиппинге 4,6 миллион долларлық қару экспорты жасалды» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия тарапынан өндірілген және операцияларда қолданылатын қару Америка Құрама Штаттарында осы жылдың үздік тапаншасы болып сайланғаннан кейін Филиппинге экспорт етілді.

Стар газеті «Тұз көліне туристтер қызығуда» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның ең маңызды суарылу алаңдарының бірі болған және биологиялық байлақтарының қорғалуы тұрғысынан өте маңызды Тұз көлі табиғи сұлулықтарымен де туристтерді баурауда.

 

 

 

 


Этикеттер: #Ресей , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар