Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған шетелге алғаш сапарын Әзірбайжанға ұйымдастырды» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған ант ішкеннен кейін шетелге алғашқы сапарын Әзірбайжанға ұйымдастырды.  Оңаша және делегация аралық кездесуден кейін Ердоған мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев баспасөз мәслихатын өткізді. Екі ел арасындағы бауырластыққа назар аударған басшылар достық қарым-қатынастарын басып көрсетті.

Хүрриет газеті «Кипр-ұлттық күресіміз» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан сапарынан кейін Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды.  Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасында президент Мұстафа Акынджымен баспасөз мәслихатында «Кипр – ұлттық күресіміз.  Кипрда әділ және түбегейлі шешім – мақсатымыз.  Түркия Кипр түрік халқының шешімсіздіктен зиян шегуіне ешқашан көз жұмбайды.  Түркия Кипр түріктерінің понти мемлекетінде азшыл халық болуына ешқашан рұқсат бермейді» деді.

Стар газеті «Түркия Эфиопия-Эритрея қатынастарының қалпына келуіне риза» деген тақырып қолданған.  Түркия екі көрші ел Эфиопия мен Эритрея арасында қол қойылған ортақ декларацияға ризашылық білдірді.  Түркия осы екі ел арасында араағайындық жүргізген еді.

Стар газеті НАТО саммитіне орын берген.  Бельгияның бас қаласы Брюссельде өтетін НАТО саммиті 20 әскери тікұшақтың әуедегі қойылымымен басталады.  Осы тікұшақтар арасында түрік тікұшақтары да болады.

Ватан газеті әуе кеңістігіндегі жолаушы санына орын берген.  Түрік Әуе жолдарының маусым айында жолаушы саны 10,6 пайыз артып, 6,3 миллион болды.



Ұқсас жаңалықтар