Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған Твиттер есебінен «Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қолында палестиналықтардың қаны бар,  қылмыстарын Түркияға шабуылдау арқылы жасыра алмайды» деді. Ердоған «Нетаньяху -  қорғансыз халықтың жерін БҰҰ қарарларын аяққа таптау арқылы 60 жылдан бері басып алып отырған басқыншы мемлекеттің премьер-министрі» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті премьер-министр Бинали Йылдырымның сөздеріне орын берген. Премьер-министр Йылдырым Анкарада «Америка Құрама Штаттарының Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіруін бейбітшілікке қарсы қастандық деп есептейміз және қабылдамаймыз.  Бұл шешімді біз жоқ деп санаймыз. Америка елшілігінің ашылуы мұсылман қаны төгілген бір күн ретінде тарихқа жазылды. Мөлшерсіз күш қолданып,  террор жүргізген Израильдің саясатын айыптаймыз» деді.

Стар газеті «Арабтар Иерусалим тақырыбында Түркиядан үлгі алсын» деген хабар жариялаған.  Тунистің бұрынғы президенті және Демократиялық төңкерістерді қорғау Араб кеңесінің төрағасы Мунсиф Марзуки Стамбулда президент Ердоған мен түрік халқына алғыс айтып,  «Араб үкіметтеріне кемінде бір ұстаным иесі болуға кеңес беремін,  осы тақырыпта Түркиядан үлгі алсын» деді.

Ватан газеті «Түркияға келеді» деген хабарға орын берген. Ресей Федералдық Туризм агенттігі 1 мамыр және 9 мамыр мерекелеріне орай берілген демалыстарда орыс азаматтардың демалу үшін Түркияны таңдағанын білдірді.  Агенттік орыс азаматтары таңдаған демалыс орындары арасында Түркияның 52,3 пайызбен алда екенін хабарлады.

Хабер Түрік газеті де туризм хабарына орын берген.  Әлем саяхатына шыққан Мальтаның «Азамара Джорней» кемесі 850 жолаушысымен бірге Түркияның Кушадасы ауданындағы портқа келді. Кеме жолаушылары Эфес ежелгі қаласы мен Мәриям Ана үйіне барып,  қала орталығын аралады.



Ұқсас жаңалықтар