Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

963197
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түркия Солтүстік және Оңтүстік Кореяның жақындасуына ризашылық білдірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік және Оңтүстік Корея басшыларының кездесуін «әлемдегі қорқулар мен уайымдарды жоятын бір кездесу» ретінде бағалады. Оңтүстік Корея сапарында баяндама жасаған Ердоған «Солтүстік Корея әртүрлі елдермен кездесулерін жалғастыратын болса, одан да болымды нәтиже шығады. Біз Түркия ретінде жауапкершілігімізді орындауға дайынбыз» деді.

Ватан газеті «Түркияның дәлелдері батыс елдеріне кері қадам бастырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-ге қару тасымалдауын дәл кезінде қадағалаған Түркия дәлел папкасын болса алаңдағы жаңалықтарға қарап үздіксіз жаңартуда. Қол жеткізілген жаңа ақпаратқа қарағанда АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері жабық жиналыстарда ортаға қойылған құжаттар себепті PYD-ні бұрынғыдай қолдамауда. Ақпарат көздері баспасөзге жабық өткен кездесулерде тараптардың ұйымды бұрынғыдай қолдамағанын, алдарына қойылған құжаттарды байқаған кезде «PYD/YPG террор ұйымы емес» деп айта алмағандарын және аталмыш құрылымның PKK-ның тармағы екенін мойындай бастағанын атап көрсетеді.

Хабертүрік газеті «Эстониядан Түркияға турист ағыны» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Стамбұлда соңғы кездері Солтүстік Еуропаның 1 миллион 300 мың тұрғынды мемлекеті Эстониядан көптеген турист келуде. Эстониялық туристтер ең көп тарихи орындарды көруге қызығуда. Мұның себебі болса соңғы жылдары рекорд жасаған түрік теле сериалдарына шетелде де қызығушылықтың артуы. Эстониялықтар жиі барған жерлердің басында Сүлейманийе мешіті, Топкапы сарайы және Хүррем Сұлтан мен Кануни Сұлтан Сүлейманның мазарлары келеді. Түркия эстониялықтар үшін шетел туризмінде алғашқы таңдалған елге айналды.

Стар газеті «5 бөлек құрлықта 15 елге сауда күші арттырылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік экспортшыларымен әртүрлі нарықтар жайлы дұрыс және дәл кезінде ақпарат бөлісу, бұл нарықтарға кіру жұмыстарын одан тығыз және ықпалды қылу үшін Экономика министрлігі Сыртқы сауда дирекциясы құрамында құрылған Нарыққа кіру комитеті 2018-2019 жылдары нысанаға алынған елдерді анықтады. Осыған қарағанда 5 бөлек құрлықта орын алған 15 ел үшін түрік экспортшыларына «ақпарат беру» және «әрекет жасау» қолдауы ұсынылмақ. Комитет 2018-2019 жылдары үшін белгілеген нарықтар арасында  Германия, АҚШ, Қытай, Эфиопия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ирак, Иран, Жапония, Катар, Кения, Украина, Мексика, Румыния және Ресей елдері бар.

Сабах газеті «әлем бойынша түрік тіліне үлкен қызығушылық танытылады» атты хабар жариялаған.Түркияның бүкіл әлемде езілгендерге қолдауы Түркия мен түрік тіліне деген сүйіспеншілікті де арттырды. Юнус Эмре Институты тарапынан басталған Түркияда түрік тілі мен түрік мәдениетін үйрету курстарына әлемнің 59 мемлекетінен 65 мыңнан астам өтінішпен рекорд қол қойылды. Үкіметтері Түркияға қарсы насихаттау жүргізген Мысыр, Израиль және Арменияда болса түрік тілін үйренгісі келгендердің түн ортасында өтініш берулері назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар