Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

959808
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах Газеті «Ердоған Гутеррешпен телефонда сөйлесті» деген хабарға орын берген. Газет Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефонда сөйлескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда телефондағы әңгімеде Сирияда бейбітшілік пен тыныштық үшін саяси шешім табуға бағытталған талпыныстардың көбейтілуі керектігі түсіндірілді. Түркияның Палестина тақырыбындағы сезгір тұғырына назар аударған Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымы палестиналық босқындарға жәрдем берген гуманитарлық ұйымдарға қолдауын жалғастыратынын білдірді.

Стар газеті «Ұзақ атымды зымыран Бора-2 келуде» атты тақырып қолданған. Газет Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Жаниклинің Бора-2 зымыран жүйесінің мән-жайын алдымыздағы күндерде түсіндіретінін баяндағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Жаникли Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде бір журналисттің сұрағына жауап берді. Жаникли мәлімдемесінде 2017 жылы сынақтан өткізілген 280 қашықтыққа ататын алғашқы ұлттық зымыран Бора-1-дің Түрік Қарулы Күштері инвентаризациясына қосылғанын, сондай-ақ зымыранның тіпті ұзақ атымды және ілгері технологияға ие болған Бора-2 үшін де жұмыстардың бастағанын айтты.

Стар газеті хабарын «Түркия Ұшқышсыз әуе көлігі моторын сатады» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда ұшқышсыз әуе көлігі моторындағы шетелге тәуелділікті доғару үшін табысты қадамдар басқан Түркия таяуда шетелге мотор сатуды көздеуде.

Ватан газеті «Түркия отандық дәрі-дәрмек үшін атсалысады» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның дәрі-дәрмекте атсалыса бастағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда жоба арқылы Түркияның өндіретін дәрілерінің құны 6,1 миллиард лираға ұласады.

Хабер Түрік газеті «TFF, UEFA EURO 2024 үміткерлік өтінішін берді» деген тақырып қолданған. Газет Еуропа Футбол Федерациясы Одағы (UEFA) Бас хатшысы Theodore Theodoridis-тің 2024 Еуропа Футбол Чемпионатының (EURO 2024) қайсы елде ұйымдастырылуы жөнінде шешім жасағанда қиналатынын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Футбол Федерациясы (TFF) EURO 2024 үміткерлік үшін жазбаша өтініш берді.

 



Ұқсас жаңалықтар