Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған: Пенсильваниядағы, сен де келесің!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымымен(FETÖ/PDY) күресте тұрақтылықтың жалғасатынын білдірді. Ердоған партиясының Малтепе 6-шы құрылтайы алдында жасаған мәлімдемеде «Қазірге дейін 80 күдіктіні шетелден ұстап елге әкелді. Пенсильваниядағы, сен де келесің! Қалағандай ары-бері қашқақта» деді.

Сабах газеті «Йылдырым: Өте кешікті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының Тузла аудандық конгресінде үн қатты. АҚШ басшылығындағы Сирияда режимге бағытталған әуе операциясы жайлы «Батыс бірден сириялық жазықсыздарды есіне түсірді. Қанішерлерге қарсы кешіккен бір әрекет» деді.

Хүррийет газеті «Қолдағы 335 килограмм алтын экономикаға қосылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек «Алтын облигациясына азаматтарымыз сенді және назар аударды. Екінші сұраныс жинау кезеңінде 7 мың 100 адам мың 335 килограмм қолдағы алтынын, алтын облигациясы мен алтынға теңелген аренда сертификаттарына инвестиция салды» деді.

Ватан газеті «Столтенберг одақтастарын Түркияға одан көп қолдау беруге шақырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде Түркияның НАТО үшін құнды және стратегиялық маңызға ие екенін атап айтты. Столтенберг НАТО-ның қолдау үшін Түркияда маңызды бір тұғыры бар екеніне назар аударып, «Одақтастарымыздың барлығын Түркияға одан көп қолдау беруге шақырамын» деді.

Хабертүрік газеті «13 мың турист Мармариске келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Муғланың Мармарис ауданы 2018 жылы туризм маусымына жылдам кірді.  Қазір 13 мың турист демалған ауданның пляждары мен көшелері адамға толды. Ауаның температурасы 29 градусты көрсеткен аудан жергілікті және шетелдік туристтерді күтуде.



Ұқсас жаңалықтар