Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Германияда жаңа құрылған үкіметтен болымды мәлімдемелер» деген хабарға орын берген. Газет Германияда жаңа құрылған үкіметтің Түркия туралы болымды мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Германияда Христиан Демократиялық Одағы (CDU) партиясы, Христиан-социалдық  (CSU) партиясы және Социал-демократиялық партия (SDP) жаңа коалиция үкіметін құрды. Германия премьер-министрі Ангела Меркель бұл жерде жасаған мәлімдемесінде Түркия мен Еуропа Одағы ретінде келіссөз жолдарын іздестіру керектігін айтты. Меркель «Түркиямен көзқарас айырмашылықтарымызды таудың артқы беткейінде жинай алмаймыз. Үнеіе байланыс ішінде болғанымыз жөн. Өйткені бір-бірімізге жақынбыз. Түркия Сириядағы соғыстан қашқан босқындармен байланысты өте үлкен жұмыстар істеді. Түркия 3 миллион босқынды қабылдады. Біз де Түркиямен жасаған келісімге бойсұнғымыз келеді» деді.

Стар газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі Катарда қыр көрсетуде» атты тақырып қолданған. Газет Доха халықаралық теңіз қорғаныс жәрмеңкесі және конференциясының (DIMDEX 2018) Катардың астанасы Дохадағы Катар ұлттық конгресс орталығында басталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Жәрмеңкенің ашылу рәсіміне Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Жаникли, Бас Штаб басқармасы төрағасы Хулиси Акар және Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир де қатысты.   Теңіз қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған бір іс-шара ретінде басталған DIMDEX бірнеше жыл өткеннен кейін көлемі кеңейтіліп, авиация, электр жүйелері және құрлық жүйелері де көрсетілетін бір жәрмеңкеге айналды. Түркия жәрмеңкеге 33 фирмамен қатысуда. Аталмыш фирмалардың орын алаңдарының үлкендігі 2 мың 413 шаршы метр.

Хабар Түрік газеті хабарын «Бағыт Түркияға аударылды» деген тақырыбымен берген. Газет крейсердің үлкен фирмалары бағыттарын Түркияға аударғанын мәлімдеген. Стамбул, Мәрмәр, Эгей, Жерорта теңізі, Қаратеңіз аймақтары Теңіз сауда палатасы Измир бөлімшесінен жасалған мәлімдеме бойынша 5-8 наурыз күндері аралығында Америка Құрама Штаттарының крейсер секторының үлкен фирмаларымен сәтті кездесулер өткізілді. Мәлімдемеге қарағанда әлем крейсер алпауыты MSC 2019 маусымынан бастап бағытын Измир және Анталияға аударады.

Йени Шафак газеті «Ұлттық несие қабілетін бағалау ұйымы құрылады» атты хабарға орын берген.  Газет қарыз алуының несие қабілетін бағалау ұйымы Moody's-ке қарсы Түркияның аттанысқа кіргенін хабарлаған. Ұлттық несие қабілетін бағалау ұйымының Банкі жүйесін реттеу және Банктерді бақылау ұйымы тарапынан биыл құрылуы жоспарлануда.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдары тағы рекорд жаратты» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдарының ақпан айында тасымалдаған жолаушы саны 2017 жылының бірдей мезгілімен салыстарғанда 26 пайыз артып, 5,1 миллионға ұласты.

 



Ұқсас жаңалықтар