Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

849397
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Сюрприз саммит» деген хабарға орын берген.

Газет Түркия, Ресей және Иранның қатысуымен 22 қараша сәрсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында өткізілетін «Сирия» тақырыпты саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысатынын жазған. Газеттің хабарына қарағанда «Сирия» тақырыпты саммитте тараптар Сириядағы оқиғалар мен аймақтағы соңғы жағдайды қолға алады. Жиналысқа Иран Президенті Хасан Рухани де қатысады.

Йени Шафак газеті «Қазір басқа бір ойын ойналуда» атты тақырып қолданған. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Түркия үстінде үнемі ойын ойнауға тырысқан кейбір күштердің босқа уақыт жұмсағанын айтқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым Анкара сауда палатасының  Congresium залында ұйымдастырылған бір симпозиумнің ашылуында сөз сөйледі.  Түркия үстінде ойындар ойналғанын меңзеген Йылдырым «2016 жылы 15 шілде күнгі Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекет құрылымы қолымен жасалған төңкеріс әрекеті табыссыз болды. Түркияны жеңе алмағандар, түрік ұлтын бас идіре алмағандар енді басқа ойындарға кірісуде» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «YPG Раккада аймақты қолға түсіру үшін болуда» деген тақырыбымен берген. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чауышоғлұның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде баяндама жасағанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ баяндамасында террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG/PYD-нің Раккада болуы жөнінде «YPG/PYD ДАИШ-пен соғысу үшін емес, аймақты қолға түсіру және бір террор лагерін құру үшін атсалысуда. Осы аймақта да ДАИШ-пен қою ынтымақтастық ішінде болуда. Бұл жағдай жарыққа шықты» деді.

Стар газеті «Шығыс Жерорта теңізі – 2017 әскери жаттығуы аяқталды» атты хабарға орын берген. Газет жаттығуға НАТО тұрақты теңіз қызмет тобы – 2, АҚШ, Болгария, Ұлыбритания, Румыния теңіз күштеріне қоса, Түрік теңіз күштері мен әуе күштері және теңіз күзету жасақтарының қатысқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда жаттығу аясында теңіздегі операциялық мазмұнды оқытуға қоса, апат және төтенше жағдай кезінде операциялық ережелерді іске асырылды. Сонымен қатар биыл тұңғыш рет ауқымды түрде одақтас Теңіз күштері мен көптеген ұлттық мекеме және организацияның қатысуымен практикалық қозғалыс жоспары сынақтан өтті.

Ватан газеті «Анталияда әлемде аз кездесетін бір көбелік түрі байқалды» деген тақырып қолданған. Газеті Анталияның Серик ауданы Белек туризм орталығындағы бір қонақ үйдің ауласында әлімде аз кездесетін бір көбелік түрінің кездескенін жариялаған.

 

 

 


Этикеттер: #Ресей , #Сирия , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар