Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Бұл емтиханнан өтеміз» деген хабар қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ираннан қайтарда Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің 25 қыркүйекте өткізілген заңсыз референдумге байланысты «Сол заңсыз референдумге рұқсат бергендер бір күні шығынын төлейді» деді. Ердоған «Не істегендерін білмеуде. Барзани осы ынтасынан бас тартады» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Жаңа әдіс» атты тақырып қолданды. Газет бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшесі 7 террорист тірі ұсталған Муглада енді 5 террористтің өлтірілгенін жазған.  Газеттің хабары бойынша Ішкі істер министрлігі осы тақырыпқа байланысты террор ұйымы ПКК-ның Лазкие арқылы Эгей және Жерорта теңізге кіруге тырысқанын жариялады. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу да «Террор ұйымы ең соң Ирактың солтүстігінен, Ираннан және Африннен кіруге тырысқаннан кейін енді басқа әдісті іздеуде» деді.

Стар газеті хабарын «Аракан өлуде, барша әлем қайда» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарында Отбасы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрі Фатма Бетул Кая Аракан үшін әйел азаматтық ұйымы өкілдерімен кездесіп барша әлемге үндеу тастады. Министр Фатма Бетул Кая «Зұлмат және қысым астындағы бейуаз әйел мен балалардың шеккен азабына үнсіз қалудың өзі өте ұятты жағдай. Бұл зұлматтарға қол қусырып қарап қана отырғандар өркениетті екенін пайымдай алмайды. Барша әлім соқыр, сақау, мылқау болып қалса да Түркия сол жердегі мұсылмандарға қол ұшуын жалғасты береді» деді.

Хүрриет газеті «Флейта өмірін өзгертті» атты хабарға орын берген. Газет балалар бақшасында үлкейген Мерве Башоғлұның флейтаны өте жақса көргенін және флейта үйренгенін, осының нәтижесінде өмірінің өзгергенін мәлімдеген. Билкент Университеті Флейта бөлімінде оқыған Мерве қазір әлемнің ең мықты университетінің бірі болған Франция Нике Консерваториясына қабылданды. Мервенің шығындары жөнінде  Эмине Ердоған және Отбасы және әлеуметтік министрі Фатма Бетул Кая атсалысып көмер беретін болды.

Хабар Түрік газеті «Жалғыз жол жеңіс» атты тақырып қолданған. Газет Түркия ұлттық футбол құрамасының Ресей жолында бүгін кеште ойналатын  матчтың тек нысананың жеңіс болғанын жазған. 


Этикеттер: ПКК , Иран , Ирак

Ұқсас жаңалықтар