Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Әлемге күн батареяларын экспорт етеміз» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Энергия және табиғи байлық министрі Берат Албайрак алғашқы отандық күн батареяларының 2018 жылы аяқталмай жұмысқа қосылатынын білдіріп, «Made in Turkey. Яғни жел және күн батареяларын таяуда аймаққа экспорт етеміз. Тек Қаратеңізде ғана емес, Жерорта теңізде де мұнай іздеу жұмыстарын тездетеміз. Түркияның жер астындағы және жер бетіндегі байлықтардан пайдаланамыз» деді.

Хүрриет газеті хабарын «Астанада Түрік ұлттық күні» атты тақырыбымен берген. Газет Астана Экспо 2017 Халықаралық Энергия көрмесі аясында Түркияның ұлттық күнінің аталып өтілгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия делегациясын бастап  Қазақстан елордасы Астанаға барған Экономика министрі Нихат Зейбекчи «21-ші ғасыр түрік және қазақ ғасыры болады. Бірлесе отырып арамыздағы кедергілерді күшінен қалдырайық» деді. Түрік ұлттық күнінде Түркияның мыңдаған жылдық тарихы мен мәдениеті және сауда күші мен көлемін көрсететін ауқымды бағдарлама дайындалды. Қазақстандағы миссия өкілдері мен қонақтар қатысқан Түрік ұлттық күні түрік таңғы асымен басталды. Қонақтарға баклава,  булгур және Мараш балмұздағы ұсынылды. Шара аясында Түркияда атақты «Анадолы алауы» би тобы мен Мехтеран әскери оркестрі өз өнерлері көрсетті. Сонымен бірге «Жаужүрек Ертұғрыл» теле сериалының актерлері мен жас әнші Бурай сахнаға шықты.

Хабар Түрік газеті «629 жылдық қоңырау Ванға әкелінеді» деген тақырып қолданған. Газет Иран еліндегі бір мұражайда көрсетілген 629 жылдық қоңырау тиесілі болған Ван провинциясының Азиз Мариям шіркеуіне қайтарып беретінін білдіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ван Азиз Мариям шіркеуіне 1388 жылы тарту етілген қоңырау қазір Иранның Батыс Әзірбайжан провинциясының орталығы Урмия қаласындағы антропология орталығында көрсетілуде. Иран Мәдениет, мұра, қол өнер және туризм министрінің орынбасары Мир Хади Кара Сейіт Румяни қоңырау көрсетілген Урмия мұражайына жасаған зияраты барысында еңбектің тиесілі болған Ванға қайтарып беретінін білдірді.

Ватан газеті «Гулиев алтын медаль алды» атты хабарға орын берген. Газет Жеңіл атлетикадан 16-ші Әлем чемпионатында Түркия атынан жарысқан Рамил Гулиев еркектер 200 метрге жүгіруде әлем чемпионы болғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған чемпионаттың 7-ші күнінде еркектер 200 метрге жүгіру финалы өтті. Фенербахченің спортшысы Рамил Гулиев 200 метрді 20,02 секундта жүгіріп өтті. Ол Түркияның қоржынына алғаш алтын медаль салып, атын тарихқа жазды.


Этикеттер: Иран , энергия , Астана

Ұқсас жаңалықтар