Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер елдегі маңызды оқиғаларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «15 шілденің миллиондаған қаһарманы бар» деген тақырыппен хабар жариялаған.

Хабарға қарағанда 15 шілде Шейіттер ескерткішінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген президент Режеп Тайып Ердоған «Дастандардың бір ғана қаһарманы бар» деді. «Демократия және Ұлттық бірлік» күні ретінде жарияланған 15 шілдені ұмытпау, ұмыттырмау уәдесін орындауға табанды екендерін білдірген Ердоған «Біз бүгін Чанаккалені,  Азаттық соғысын қалай ұмытпай, мүмкіндігінше еске алып, осы күрестерден қажетті сабақты шығарған болсақ, 15 шілде де осындай күндердің бірі болады» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия дастанды тойлады» деген тақырып қолданған.

15 шілде төңкеріс әрекетінің бір жылдығындағы Анкара мен Стамбулдағы еске алу бағдарламалары әлем баспасөзінде кең орын алды.  Хабарларда еске алу бағдарламаларындағы қалың адамға назар аударылды, президент Ердоғанның сөздеріне орын берілді.  Неміс газеті Билд «Стамбулда мега қойылым» деген тақырып қолданды.  Норвегияның «Aftenposten» газеті мыңдаған адамның қолдарына түрік байрақтарын алып, көшеге шыққанын жазды. Француз газеті «Le Monde» те веб парақшасында еске алу бағдарламаларына орын берді. Газет «Төңкеріс әрекетінен кейін Түркия дастанды тойлауда» деп жазды.

Хүрриет газеті «Әлемге танымал Лив Тайлер Түркияда» деген хабар жариялаған. Американдық атақты актриса Лив Тайлер ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұра тізімінде орын алған Эфес ежелгі қаласына келді. Көптеген өркениетке бесік болған Измирдің Селчук ауданындағы Эфес ежелгі қаласын отбасымен бірге аралаған Тайлерге екі гид көмек берді.  Тайлер тап 5 сағат ежелгі қаланы аралады. Қаланың суреттерін түсірген атақты актриса оларды инстаграм желісінде бөлісті.

Сабах газеті Red Bull жарысына орын берген. 400 метр өрге қарай жалғыз жарыс болып табылатын Red Bull 400 Әлем чемпионаты Германияда болып өтті. Жарысқа 40 елден мыңнан астам сайыскер қатысты. Ерлерде Түркия атынан қатысқан Ахмет Арслан әлем чемпионы атанды. Әйелдерде түрік сайыскер Едже Бакыджы алтыншы орын алды.

Карьерасындағы 15-ші Red Bull 400 жарысында 14-ші жеңісін алған және тарихтағы тұңғыш түрік әлем чемпионы атанған Ахмет Арслан «Бұл жарыстан жеңіп шығу маңызды болатын. Себебі осы жарыстан жеңіп шығу Әлем чемпионы атану деген мағынаға келетін. Бақыттымын» деді.

Ватан газеті болса «Үздік 10-да бір түрік аспаз» деген хабар жариялаған.  Мардиндік аспаз Эбру Байбара Демир әлемдегі ең беделді асхана мәдениеті жарысы Bask Аспаздар жарысында ақтық сайысқа шықты. Түркиядан бірінші рет бір аспаз осы жарыста алғашқы ондыққа ілікті. Осы жарыста асхана мәдениетіне байланысты әлеуметтік қызмет атқаратын аспаздар марапаттандырылады. 100 мың евролық марапат болса аспаз да орын алатын әлеуметтік жауапкершілік жобасында қолданылады.

 



Ұқсас жаңалықтар