Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Президент Ердоған: Сирия тақырыбында есігімізді қағады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ байланыстарының артынан Вашингтондағы Өкілетті елшілік ғимаратында журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды. Журналисттерге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуін бағалаған Президент Ердоған АҚШ-тың Сирияда террор ұйымы PYD-мен ынтымақтастығын міндетті түрде қабылдамағандарын атап «Мен Сирия тақырыбында есігімізді қағатындарына сенімдімін. Қазір Ракканы қоршауға алған. Не болатынын көреміз. Бірақ аймақта Түркия майданда міндетті түрде болады. Сирияда да, Иракта да боламыз. Шешім қабылдаушы ретінде Түркияны тысқары қалдыра алмайды. Алдымызда НАТО саммиті бар. Осында да террормен күрес алдынғы тақырыптардың бірі. Бұл тақырыптар күн тәртіпке келеді» деді.

Стар газеті «Әлем 5-тен үлкен сөзіне Гутеррештен қолдау келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның жылдар бұрын атап көрсеткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұғыры мәселесінде «Әлем 5-тен үлкен» деп айтқан сөзіне осы жолы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештен қолдау келді. Гутерреш Францияның Страсбург қаласында жалғасқан Еуропа Парламенті жалпы кеңесінде «БҰҰ-ның одан ықпалды жұмыс істеуі үшін реформа міндетті. БҰҰ-ның реформасы басты тақырып. Мүше елдердің халықтарының сенімін қайта алуымыз керек» деді.

Сабах газеті «Түрік фирмаларының шетелдегі инвестициялары 10 есе өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы Экономикалық қатынастар кеңесі (DEİK) Шетелдегі инвестициялар жұмыс кеңесі және «Bain&Company» тарапынан түрік фирмалары жайлы жетілдірілген 2017 жылы Шетел инвестиция индексі жарияланды. Рапортқа қарағанда түрік фирмалары 10 жылда 28 миллиард долларлық бірігу және сатып алулар жасағанда, 8 миллиард долларлық жаңа инвестицияға қол қойды. DEİK төрағасы Өмер Жихад Вардан шетел инвестицияларының соңғы 15 жылда 10 есе өскенін және өсу процесінің жалғасқанын атап көрсетті. «Bain&Company» фирмасының ортағы Волкан Қара болса «Жаһандық бірлестік және сатып алулар 13 пайыз артып, 831 миллиард долларға ұласты» деді.

Хүррийет газеті «Мәскеуде түрік фестивалі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның мәдени, туристік және өнер құндылықтарын Мәскеуге апаратын «Түркия Фестивалі» мемлекеттердің достығын нығайтады. Фестиваль Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауы Түркия қонақүйлері федерациясы (TÜROFED), Түркия саяхат агенттігі одағы, (TÜRSAB), Түркия туризм инвесторлары қоғамы (TYD), Турист жетекшілері одағы (TUREB), Түркия қонақүй қожайындары қоғамы (TÜROB) және Орыс-Түрік іскерлері одағының (RTİB) демеушілігімен 16-18 маусым күндері арасында өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар