Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

733085
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Трамппен маңызды кездесу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Қытай байланыстарының артынан АҚШ президенті Дональд Трамппен басқосу үшін Вашингтонға барды. Екі басшы бетпе-бет тұңғыш рет басқосады. Президент Ердоғанның портфелінде АҚШ-тың террор ұйымы ДАИШ-пен күрес сылтауымен ПКК-ның Сириядағы тармағы YPG-ге ауыр қару беруі, Ракка операциясы және Фетуллахшы террор ұйымы басшысын ұстап беру бар.

Хабертүрік газеті «Түркияның абыройы үшін тер төгеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркияға бағытталған халықаралық көзқарасты түзету үшін Экономика министрлігі, Түркия экспортшылар мәжілісі және Түркия палатар мен биржалар одағының 27 мамыр күні бастаған жарнама акциясында футболшылардан да қолдау келеді. Анталияспорт клубының жетекшісі мен Галатасарайдың футбол жұлдызы Подольский мен Снайдер Түркияның жаңа имиджіне үлес қосады.

Хүррийет газеті «Отандық технологияға назар аударады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 4.5G және 5G технологияларын жетілдіру мақсатты 2015 жылдан бері бірге жұмыстанған «Turkcell» мен «Huawei» Түркияда ортақ Ғылыми зерттеу және дамыту жұмыстарын жылдамдату нысанасымен ынтымақтастықты жетілдіруге шешім қабылдады. Екі фирма арасында жасалған ынтымақтастық ақылды қала және 4.5G технологияларын отандық өндіру жұмыстарын қамтиды.

Ватан газеті «Тыйымға қарамастан 49 мың жолаушы ұшты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда араларында Стамбұлда бар 8 елдегі 10 әуежайынан АҚШ-қа қарай тікелей ұшатын рейстерде 22 наурыз күнінен бері іске қосылған жаңалықпен жолаушылардың ұшаққа ұялы телефоннан үлкен электроникалық аппарат кіргізуіне тыйым салынды. Тыйымның басталуымен Түрік әуе жолдарының жолаушы санының азаюы күтіліп жатқанда керісінше артты. Түрік әуе жолдары Стамбұлдан Нью-Йоркке ұшқан рейтерде жолаушы санын сәуір айында 1,5 пайыз арттырып, 49 мың жолаушыға ұласты. Түркияның Нью-Йорк директоры Дженк Өджал тыйымға қарамастан жолаушы санының артуына қуанғандарын атап, қысқа уақыт бұрын басталған тегін интернет қызметі мен «business class» жолаушыларына таратылған компьютерлермен жолаушыларына тыйым салынған шектеулерді жойғандарын білдірді.

Йени шафак газеті «Әлемнің назары түрік теле сериалдарында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы жылдары даңқы шыққан түрік теле сериалдарының Таяу Шығыс, Балкан және Оңтүстік Америкамен басталған экспорт серуені қазір болса Үндістан мен Сингапурға ұласты. Мықты бір экономикалық күшке ие Үндістанның Болливуд (Bollywood) деп аталған теле сериал мен кинофильм саласында түрік теле сериалдары орын ала бастады.



Ұқсас жаңалықтар