Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

728490
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Иерусалимде азан дауысы өшпейді» деген хабар жариялаған. Стамбулда Халықаралық Иерусалим фондтары жиналысында сөз сөйлеген президент Ердоған Израильдің азанның даусына тыйым салуға дайындалғанын білдіріп: «Күн тәртібіне келуінің өзі – ұят. Иерусалим көгінде азан даусының өшірілуіне рұқсат бермейміз. Нанымыңызға сенсеңіз,  наным еркіндігінен неге қорқасыңдар? Біздің азанымыздан неге қорқасыңдар?» деді. Ердоған былай деді: «Үмбеттің тұңғыш құбыласы, Пайғамбар қаласы Иерусалим. Бүкіл мұсылмандардың – ар-намысы. Иерусалимге, Иерусалим күресіне,  палестиналық бауырларымыздың құқық пен әділет күресіне көп мән береміз. Иерусалимнің қайтадан бейбіт,  тыныш және сенімді қала болуы үшін жұмыстанамыз»

Сабах газеті «Грекия президенті Ердоғанның шақыруын қабылдады» деп тақырып қолданған.  Грекия президенті Прокопис Павлопулос президент Режеп Тайып Ердоғанның Қаратеңіз елдері ынтымақтастық саммитінің 25-ші отырысына байланысты шақыруын қабылдады. 22 мамыр күні Стамбулда болатын саммитке қатысқан жағдайда Павлопулос Түркияға келген Грекияның тұңғыш президенті болады.

Хүрриет газеті «Отандық ұшақта үлкен ортақтық» деген хабар жариялаған.  Шамамен 60 жылдан бері Түркияда жұмыс істеп келе жатқан Кале холдингі әлемнің ең үлкен ұшақ моторы өндірушілерінің бірі Rolls-Royce-пен ұшақ моторы жетілдіру үшін келісімге келді.  Ортақ фирма құру жұмыстары соңғы сатысына келді. Құрылатын фирманың 51 пайызы Кале холдингі, 49 пайызы Rolls-Royce компаниясынікі болады. Осы фирмалар Түркияның отандық әскери ұшақ жобасы TF-X сынды ұшақ моторларын өндіруді жоспарлап отыр. Отандық мотормен бірінші ұшу 2023 жылға жоспарлануда.

 Хабертүрік газеті «Эр-Риядтағы жоба сыйлық алды» деген хабар жариялаған. TAV-Al Arrab Contracting ортақ кәсіпкерлігі тарапынан Эр-Риядта жүзеге асырылған Король Халед әуежайы терминал – 5 жобасы сыйлық алды.  Дубайде өткен «MEED Quality Awards for Projects» байқауында жылдың Қатынас жобасы сыйлығына лайық деп табылды. Катардың бас қаласы Дохадағы Хамад әуежайы да бұрын осы сыйлықпен марапатталған болатын.  TAV фирмасының Шығанақ аймағының алты еліндегі әуежайларында өзіндік қолтаңбасы бар.

 Ватан газеті «Еуропа түрік қаптамасын таңдады» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда,  қаптама экспортшысы Еуропа нарығында сапа және артықшылығымен Қытай фирмаларынан асып түсті. Сектор экспортының 60 пайызын Еуропа елдеріне жүзеге асыруда.  Қораптау секторы өткен жылы экспортын 13 пайыз арттырып, 3,8 миллиард долларға жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар