Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия тұрғысынан маңызды хабарларға орын берген.

726492
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Түркияда инвестиция салған шетелдіктерге азаматтық беріледі» деп хабар жариялаған.

Шетелдіктерге түрік азаматтығын алу үшін жеңілдіктер артып келеді. Хабарға қарағанда, Түркияда кемінде 1,5 миллион долллар көлемінде жылжымайтын мүлік инвестиция фондына қосылу үлесін немесе кәсіпкерлік капиталы инвестиция фондына қосылу үлесін алған шетелдік азаматтарға түрік азаматтығы беріледі. Осыған орай осы фондтарды үш жыл бойы ұстап тұрғаны анықталатын шетелдіктерге Министрлер кабинетінің шешімімен түрік азаматтығы беріледі.

Хүрриет газеті «Түрік ағымы жобасының құрылысы басталады» деген тақырып қолданған.  Орыс энергия компаниясы Газпром орыс газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағымы жобасында құбыр желісінің құрылысына байланысты дайындықты аяқтады. Жобаның құрылысы бірнеше күннен кейін басталады. Түрік ағымының 31,5 миллиард текше метр табиғи газ айдай алатын 900 километрлік Қаратеңізден өтетін екі саласы 7 миллиард евроға түседі. Түрік ағымы жобасының теңіздің астынан өтетін бөлімін South Stream Transport B.V салады. Аталмыш жоба 2020 жылы қызметке беріледі.

 Йени Шафак газеті террор ұйымына байланысты хабарға орын берген. Оңтүстік шығыс Анадолыда жалғасып жатқан терроризммен күрес операцияларында террор ұйымы PKK-ға ауыр соққы берілді. Тек Тунджелиде бар екені анықталған 200 террористтің 130-ы ықпалсыз жағдайға келтірілді. Террор ұйымының қатарына қосылу тоқтап қалды. Ұйымнан жастар қаша бастады. Жергілікті халық та оларға қолдау беруін тоқтатты. Ұйымның есірткі саудасы да тоқтап қалды. АҚШ және еуропалық әскерлер болса Сирия жерінде оларды дайындықтан өткізіп, террористтерді күшейтуге тырысуда.

Сабах газеті «Еуропа Парламентіндегі Түркия репортері Кати Пиринің жалғаны әшкереленді» деп тақырып қолданған.  Хабарға қарағанда,  Еуропа Парламентінің Түркия репортері Кати Пиридің бөлшектеуші террор ұйымының террористтерін бейбіт азамат ретінде көрсету ынтасы нәтиже бермеді.  Түрік барлау қызметі Пири бейбіт азамат деп ақтауға тырысқан жоспарын құжаттар арқылы әшкереледі. Барлау құжаттарына қарағанда бұл террористтердің Түркияда PKK, Сирия және Иракта болса PYD/YPG лақап аттары бар. Бейбіт азамат екендері алға тартылған осы террористтер көптеген қанды лаңкестік ұйымастырған болып шықты.

Стар газеті «Сирияда жаңа үміт» деген хабар жариялаған.

Түркияның бастамасы және оппозицияның қолдауымен Сирияның солтүстігінде жүзеге асырылған аймақты терроризмнен тазалау операциясы болып табылатын «Евфрат қалқаны» осы елде бейбітшіліктің үміті болды.

Түрік қарулы күштері тазалаған аймақтарда қалыптастырылған қауіпсіздік аймақтардан үлгі алған Ресей Астана келіссөзі жалғасып жатқанда Түркияға Сирияда төрт аймақты қамтитын ұсынысын берді.  Орыс басшысы Путин мен президент Ердоған карта үстінде келіскен келісімге кеше Астанада кепілгер елдер арасында қол қойылды. Осылайша Түркияның аққан қанды тоқтату үшін алты жылдан бері айтып келе жатқан қауіпсіз аймақтар жоспары іске асатын болды.



Ұқсас жаңалықтар