Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

521481
Түрік баспасөзіне шолу

Стар «Путиннен Ердоған ‘Жаңа бір кезең бастайық’ ұсынысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ұшақ дағдарысының артынан президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинге жіберген хатының артынан екі басшы телефонмен әңгімелесті. Орыс басшы «Қайта әңгімелескеніме қуаныштымын. Қазіргі жағдай екі елдің де мүддесіне емес. Жаңа бір кезең бастайық» деді. Ердоған мен Путин екі жақты ынтымақтастықты қалпына келтіру және бетпе-бет кездесу тақырыбында келісті. Екі басшы 4-5 қыркүйек күні Қытайда ұйымдастырылатын «2016 G20 Hangzhou саммиті» алдында кездесуге келісті.

Хабертүрік газеті «Газаның айт сыйлықтары Түркиядан» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израильмен ынтымақтастық кезеңінің  қайта басталуының артынан Газаға гуманитарлық жәрдем апаратын «Ләйлә ханым» атты жүк кемесі Мерсин портына келді. Ертең түскі уақытта Газаға қарай жолға шығатын кеменің жүгі Рамазан айтқа орай арнайы дайындалды. Осыған қарағанда 10 мың тонналық азық-түлік пакеті, 11 мың тоннаға арттырылды. Пакеттерге 500 тонна күнбағыс майы қосылды. 20 мың аяқ қиім барлығы 120 мың қиім жіберіледі.

Сабах «Стамбұл үшін, Түркия үшін дұға етіңдер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге танымал тұлғалар да Стамбұл Ататүрік әуежайындағы терактіге наразылық көрсетті. Мадонна әлеуметтік медиа арқылы террорды айыптап, «Стамбұл үшін, Түркия үшін дұға етіңдер. Басқаны жақсы біз үшін неге қиын?» деп жазса, танымал ағылшын манекенші Наоми Кэмпбелл болса гүлге ұқсаған қызыл ақ түсті түрік жалауымен бірге «Сүйікті Стамбұл және түркия үшін дұға етемін» деп жолдама жасады. АҚШ-тың танымал тұлғаларынан Энрика Иглесиас, Пэрис Хилтон, Шер, Apple фирмасының директоры Тим Кук, Болливудтың танымал жұлдыздары Ритик Рошан, Аржун Капур және Махира Кан, АҚШ-тың танымал әншілері Пинк және LeAnn Rimes, АҚШ-тың кинофильм жұлдыздары Jared Leto және Elijah Wood та Стамбұл үшін твиттер арқылы көңіл айтты.

Йени шафак газеті «Қытаймен атом энергия ынтымақтастығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия атом энергиясы және технологиясы саласындағы бастамасын Қытаймен құрып, одан да күшеюге дайындалады. Энергия министрі Берат Албайрак және Қытай Ұлттық энергия басқармасы директоры Нұр Бекри арасында атом энергиясы саласында атом ынтымақтастығы жайлы хаттамаға қол қойды. Хаттаманың ауқымының атом энергиясы ынтымақтастығын екі жақты жетілдіру екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар