02.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдік кейбір жаңалықтарға орын берген.

177877
02.11.2014 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Сирияда қазан айында 1987 адам өлді» атты хабарында Сирияда өткен ай 1987 адамның өлгенін білдірген. Газет Сирия адам құқықтары ұйымының рапортында Асад режиміне қарасты күштердің қазан айында іштерінде 216 бала және 121 әйел болып, 1113 жай халықтың өлтіргенін жеткізген. Газет режимге қарасты күштер ұйымдастырған шабуылдарда 462 оппозиционерді өлтіргені баяндалған рапортта 118 адамның жәбірлеумен өлтірілгені меңзелген. Хабарда рапортта АҚШ басшылығында ISIS-ке қарсы құралған халықаралық коалиция күштерінің 9 жай халықты өлтіргеніне де орын берген.


Сабах газетінің экономика хабарында «Экспортта Республика тарихының рекорды жаңаланды» деген тақырып қолданылған. Газет Түркияның қазан айындағы экспорт көрсеткіштері өткен жылғы бірдей маусыммен салыстырғанда 6,7 пайыз артып, 12 миллиард 587 миллион долларға шыққанын жазған. Газет осылайша Республика тарихының ең жоғарғы экспортын жүзеге асырғанын дәріптеген. Газет сонымен қатар автокөлік индустриялының 1 миллиард 713 миллион доллармен қазан айында ең көп экспорт жүзеге асырған сектор екенін жариялаған.


Ватан газеті «Емен балындағы антиоксиданттар бес есе көп» деген хабарында Қаратеңіз техникалық университеті жаратылыстық ғалымдар факультеті биохимия бөлімі меңгерушісі профессор Севги Колайлымен өткізген бір сұхбатқа орын берген. Газет Колайлының «Емен балы антиоксиданттар тұрғысынан өте бай. Бес есе антиоксиданттарға ие» дегенін жариялаған.


Йени Шафау газеті «Әлемнің фотосуреттері бәсекеге түседі» деген хабарында Анатолы агенттігінің алғаш рет әлемнің ең керемет фотосурет жарысын ұйымдастыруды жоспарлағанын білдірген. Газет 100-ші жыл бейнесі аясында әлемнің ең ықпалда 5 хабар агенттігінен біреуі болуды нысаналаған Анатолы агенттігінің алғаш мәрте халықаралық фотосурет жарысын өткізетінін хабарлаған.


Акшам газетінің спорт бетінде жариялаған «Таэквондо алтын дәуірінде» атты хабарында Мексикада ұйымдастырылған Поомсе Әлем Чемпионатының екінші күнінде Севлүт Пекжанның алтын медал алғанын мәлімдеген. Хабарда сонымен қатар Түркияның 1 алтын, 1 күміс медал жеңіп алғанын, сондай-ақ Түркияның медал санының 2 алтын, 1 күміс және 3 қола болып 6-шы қатарға көтерілгенін баяндаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар