Тарихта 14 ақпан

Тарихта бүгін.

Тарихта 14 ақпан

14 ақпан күні...

14 ақпан – ғашық жандар (сүйіктілер) күні ретінде көптеген елде тойланған арнайы күндердің бірі. Шығуы Рим католик шіркеуінің сенімдеріне негізделеді. Валентин (Valentine) атты бір дін қызметкерінің римдік әскерлерге тұрмыс құруы тыйым салынған бір кезеңде олардың үйленуіне көмектескені немесе ғашық жандардың құпия түрде некелерін қиюы себепті өлтірілгені туралы аңызға сүйенеді. 469 жылы 14 ақпан күні Поп Геласиус тарапынан жарияланғаны алға тартылады.

Негізінде романтикалық махаббат пен Валентин арасында байланыс жоқ екені де айтылуда. 1381 жылы шыққан «Parlement of Foules» атты кітапқа қарағанда Франция мен Ұлыбританияда 14 ақпан құстардың қосылу күні деп аталатын еді. Осы күннің ерекшелігі себепті сүйіктілер бір-біріне ілтипатты сөздер жазылған қағаздар беретін. Осы ілтипатты хаттарда бірі-біріне Валентин деп жазатын еді.

Тарихы мен себебі қаншама басты қатыратын болса да, қазір әлемде көптеген елде 14 ақпан ғашықтар күні ретінде тойланады.

*   *   *

1946 жыл 14 ақпан...

Электрмен жұмыс істейтін және электроникалық ақпарат тіркеу қабілетіне ие компьютер ENIAC Пенсильвания университетінде таныстырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық ғалымдар тарапынан өндірілген ENIAC шамамен 167 текше метрлік бір алаң қаптап, салмағы 30 тонна болатын. Ұзақ қашықтықты бір зеңбірек оғы мен зымырандарды есептеген кезде қолдану мақсатты 4 жылда өндірілген ENIAC соғыс аяқталғаны себепті соғыстың артынан басқа ғылыми зерттеулерде қолданылды. ENIAC-тың бөлшектері қазір Вашингтондағы АҚШ Ұлттық мұражайында келушілерге таныстырылады...

*   *   *

2004 жыл 14 ақпан

Гамбургта дүниеге келген түрік кинематограф Фатих Акынның «Дуалға қарсы» (Gegen die Wand) атты фильмі Берлин халықаралық фильм фестивалінде үздік фильм ретінде сайланып, «Алтын аю» сыйлығы берілді. Басты рөлде Мелтем Джумбул, Гүвенч Кырач, Сибел Кекилли және Бирол Үнел орын алған «Дуалға қарсы» атты фильмімен Фатих Акын, Метин Эрксанның «Сусыз Жаз» фильмінен 40 жылдан кейін Берлин Фильм Фестивалінде «Алтын Аю» сыйлығына қол жеткізген 2-ші түрік режиссері болды.



Ұқсас жаңалықтар