Тарихта 13 ақпан

Тарихта бүгін

Тарихта 13 ақпан

13 ақпан 1894 жыл... Ағайынды Огюст және Луи Люмьерлер өздері ойлап тапқан «Синематограф» аппаратына патент алды. Осылайша көріністерді жазып алуға,  реттеуге және көрсетуге болатын болды. Синематографпен 1895 жылы түсірілген алғашқы фильмдерін сол жылдың аяғында Парижде тегін көрсетті.  Тарихта қалған осы сеанс зауыттан шыққан жұмысшылар мен бір пойыздың станцияға жақындауын көрсетті. Фильмнің көрермендерге әсер еткені соншалықты көрермендер орындарынан тұрып кетуге талпынған.


**

Кипрде өмір сүретін түріктердің понтилер тарапынан аяусыз өлтірілуіне орай 1974 жылдың 20 шілде күні Түрік Қарулы күштері Кипрге Бейбітшілік қозғалысын бастап,  аралда өмір сүретін түріктердің қауіпсіздігін қамдаған болатын. Қозғалыстан кейін Солтүстік Кипрде «Автономды Кипр уақытша басшылығы» құрылды.  Осы басшылықтың мәжілісі 1975 жылдың 13 ақпан күні Кипр Түрік Федералдық Мемлекетінің құрылғанын жариялады.  Мәжілісте құрылу жөніндегі мәлімдемені Автономды Кипр басшысы және федералдық мемлекеттің алғашқы президенті Рауф Денкташ оқыған болатын.

1983 жылдың 15 қараша күні болса Кипр Түрік Федералдық мемлекетінің мәжілісі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрылғанын жариялады.

**

13 ақпан 2009 жыл... Әзірбайжанның ұлы ақын-жазушысы Бахтияр Вахапзаде қайтыс болды.

1925 жылы туған,  Баку Мемлекеттік Университетін аяқтаған, 1980 жылы Әзірбайжан Ғылымдар академиясының мүшелігіне сайланған Вахапзаде 2001 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін университетте дәріс берді.

Вахапзаде 1960 жылдары басталған еркіндік қозғалысының жетекшілерінің бірі болды.  Осы тақырыпта 1959 жылы жазған «Гүлістан» атты өлеңінде Әзірбайжан халқының қайғы-қасіретін жырлады.  Сондықтан бір мезгіл міндеттен алынды. Бірақ ол Кеңес Одағының қысымшыл саясатына қарсы тойтарыс күресін жалғастырды.  Әзірбайжан халқының қиыншылықтарын арқау еткен көптеген шығармасын шетелдерде жариялады.

Туындыларында Әзірбайжан түрік тілін таза күйінде қолдануға тырысқан ақын-жазушы елінде Халық ақыны деп аталады.

 



Ұқсас жаңалықтар