Тарихта 8 ақпан

Тарихта бүгін

Тарихта 8 ақпан

 

8 ақпан 1904 жыл... Порт Артур портына жапондар басып кіріп,  орыс флотын қиратуына орай 2 жылдық Орыс-Жапон соғысы басталды.

**

8 ақпан 1921 жыл... Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Антеп қаласына Ұлт Азаттық соғысында француздарға берген тойтарысына байланысты «ардагер» атағын берді.  Қаланың есімі Газиантеп деп өзгертілді.

**

8 ақпан 1922 жыл... АҚШ президенті Уоррен Хардинг алғашқы радионы Ақ Үйде таныстырды.

**

8 ақпан 1935 жыл... Депутаттық сайлауда түрік әйелдері бірінші рет сайлау және сайлану құқығын қолданды.  Мәжіліске 18 әйел депутат сайланды.

**

8 ақпан 1951 жыл... Ататүріктің өкіл қызы, Түркияның тұңғыш әйел әскери ұшқышы Сабиха Гөкчен ұшқыш ретінде Корея соғысына қатысу үшін өтінім берді. Сабиха Гөкченнің осы өтінімі батыс елдерінің баспасөзінде кең орын алды.  Алайда Гөкченнің осы сұранысы Америка армиясында әйел ұшқыш болмағандықтан орындалмады. Сабиха Гөкчен Түркияда және әлемдегі тұңғыш әйел әскери ұшқыш болатын.

**

8 ақпан 1963 жыл... Иракта Абдусселам Ариф басшылығындағы Баасшы офицерлер билікті басып алды, премьер-министр Касым өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар