Тарихта 7 ақпан

Тарихта бүгін

Тарихта 7 ақпан

1945 жыл 7 ақпан

Одақтастардың басшыларының бірі Уинстон Черчилль, АҚШ президенті Франклин Д.Рузвельт және Маршал Джозеф Сталин Қаратеңізде құпия бір жерде Германияға қарсы жүргізілген соғысты аяқтау және Еуропаның болашағын талқылау үшін бас қосты.

***

1971 жыл 7 ақпан

Швейцарияда әйелдерге сайлау құқығы берілді.

***

1973 жыл 7 ақпан

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) қабылданған арнайы бір заңмен «Мараш» қаласына «батыр» атағы берілді. Азаматтық соғыс кезінде француз басқыншылығына қарсы жүргізген күресіне орай Мараш ТҰҰМ тарапынан «Азаттық күрес медалі» табыс етілген тұңғыш қала болу ерекшелігіне ие. Тағы осы шешіммен Мараш делінген бұрынғы атауы Кахраманмараш деп өзгертілді.

***

1992 жыл 7 ақпан

Еуроодаққа мүше елдер арасында Еуроодақты құрған «Maastricht» келісімі бекітілді.

***

1995 жыл 7 ақпан

Ғарыш кемесі «Discovery» мен орыс ғарыш станциясы Мир тарихи кездесуін жасады.

***

1996 жыл 7 ақпан

‘Bir-Gen Air’ атты бір түрік фирмасының Boeing 757 типі жолаушы ұшағы Доминик Республикасы су айдынында Тынық Мұхитқа құлады: 189 адам қаза тапты.

***

2007 жыл 7 ақпан

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасы келісіміне Грузия, Әзірбайжан және Түркия үкіметтері Тбилисиде қол қойды.

***

2009 жыл 7 ақпан

Австралияда шыққан орман өрті... Ел тарихының ең үлкен өрт апаты Виктория уәлаятында болды. «Қара сенбі» деп аталған өртте 173 адам қаза тауып, 414 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар