Тарихта 6 ақпан

Тарихта бүгін

Тарихта 6 ақпан

6 ақпан 1928 жыл... Түркия Атазаңынан мемлекеттің дінінің Ислам екені жөніндегі бап алынып тасталды, осылайша зайырлылық принцибі қабылданды.

**

6 ақпан 1952 жыл... ІІ Елизавета әкесі дүниеден озған соң, Біріккен Корольдықтың патшайымы болды. Ол Ұлттар достастығына мүше 53 елдің он алтысының патшайымы,  сонымен бірге Достастық төрайымы мен ағылшын шіркеуінің  басшысы. Дүние жүзіндегі биліктегі жасы ең үлкен билеуші және Британияның көп жасаған билеушісі.

**

6 ақпан 1958 жыл... Атақты ағылшын футбол командасы Манчестер Юнайтед футболшылары мінген ұшақ Мюнхен әуежайына қонар барысында құлады. 22 адам қаза тапты.  Олардың арасында Манчестер Юнайтед командасының 8 футболшысы да бар.

**

6 ақпан 1959 жыл... Флоридадағы Кейп Канаверал ғарыш базасында «Титан» құрлықтар арасы баллистикалық ракетасының алғашқы сынағы сәтті өтті. Титан ракетасы 1960 жылдары «Апполон» ғарыш кемесін Айға қондыру дайындығы үшін және ғарыш көліктерінің орбитаға қондыру үшін қолданылған болатын.

**

6 ақпан 1960 жыл... Классикалық түрік музыкасының атақты сазгері және тамбур шебері Селахаддин Пынар Стамбулда көз жұмды.

 



Ұқсас жаңалықтар