Тарихта бүгін 5 ақпан
Тарихта 5 ақпан күндері не болған екен?

Бүгін 5 ақпан. Тарихта 5 ақпан күндері не болған екен?
1869 жылы 5 ақпанда салмағы 78 келі, 91 пайыз таза алтыннан құралған және үстіне «Қош келдіңіз» деп жазылған әлемнің ең үлкен сом алтыны Австралияның Виктория провинциясында орын алған бір жердің астынан шығарылды.
***
1924 жылы 5 ақпан күні Греенвич қадағалау үйі әр сағатта сигнал бере бастады.
***
1937 жылы 5 ақпанда Атазаңының 2-ші бабында жасалған өзгерістер арқылы 6 принцип Атазаңға енгізілді. Осы прициптерге сай Түркия-- Республикашыл, Ұлтшыл, Халықшыл, Мемлекетшіл, Зайырлы және төңкерісшіл. Ресми тілі--түрік тілі. Астанасы Анкара қаласы.
****
1971 жылы 5 ақпанда «Аполлон 14» ғарыш кемесі Айға қонды.
****
1975 жылы 5 ақпанда АҚШ Конгрессінің 1974 жылы 11 желтоқсанда жасаған Түркияға қару эмбаргосы шешімі атқарыла бастады. Эмбаргоның себебі Түркияның 1974 жылы шілде және тамыз айында Кипрге әскери жақтан килігуі еді.
***
1994 жылы 5 ақпан күні Босния соғысы барысында Маркала базар жерінде бомба жарылды. Осы жарылыста 68 адам қаза тапты және 144 адам жарақат алды.
***
1998 жылы 5 ақпан. 2007 жылының аяғынан бастап ең әйгілі веб іздеу жүйесі болған Google Стэнфорд университетінің докторанттары Ларри Пейдж бен Сергей Брин тарапынан құрылды.