Тарихта бүгін 4 ақпан

Тарихта 4 ақпан  күндері не болған екен?

1138075
Тарихта бүгін 4 ақпан

Тарихта бүгін 4 ақпан

Бүгін 4 ақпан. Тарихта 4 ақпан  күндері не болған екен?

1783 жылы 4 ақпан күні Америка Тәуелсіздік соғысы: Ұлыбритания Америка Құрама Штаттарымен болған дұшпандығын доғағанын ресми түрде жариялады.

****

1789 жылы 4 ақпан күні Джордж Вашингтон АҚШ-тың бірінші президенті болып сайланды. 1792 жылы 4 ақпанда Вашингтон екінші рет президенттікке сайланды.

 ****

1794 жылы 4 ақпанда Франция бодандығында құл сатуға тыйым салды. Франция 18. ғасырда Солтүстік Америка штаттарының құл сатуына қарсы жасалған заңдық өзгерістің ықпалы негізінде бодандықтан құл сатуды күшінен қалдырды. Алайда бұл шешім ұзаққа бармады. 1802 жылы Наполеон Бонапарт құл сату жүйесін қайтадан әкелуге шешім жасады.

***

1871 жылы 4 ақпанда Шейх Шамил қайтыс болды. Кавказ халқының қаһарманы болған Шейх Шамил қажыға барғанда Сауд Арабиясында дүниеден озды. Шейх Шамил жас кезінен бастап, Кавказ халқының Ресейге қарсы еркіндік күресінің лидері болды.

***

1945 жылы 4 ақпан күні Ялта конференциясы болды. Кеңес Одағының Ялта қаласында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей бас қосты. Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында ұйымдастырылған конференцияда соғыстан кейін Германияның жеңілуімен ортаға шыққан оқиғалар талқыланды. Германияның соғыстан кейін жаулап алынуына, нацизмнің күшінен қалдырылуына және неміс армиясының ыдырауына шешім жасалды.

***

1957 жылы 4 ақпанда алғашқы сүңгуір--  USS Наутилис (SSN-571) жер бетіне ешқашан шықпай-ақ 60,000 теңіз мил жол алып, Жюль Верннің атақты романы «Су астындағы 20 мың лье» атты атақты романындағы қияли Наутилис  сүңгуірдің төзімділігі жүзеге асырылған болды.

***

Facebook  2004 жылы 4 ақпан күні Гарвард Университеті студенті  Марк Цукерберг  тарапынан құрылды. Осы таңда Facebook әлемнің ең мықты сайттың бірі болып табылады.

 



Ұқсас жаңалықтар