Тарихта бүгін 2 ақпан

Бүгін 2 ақпан. Тарихта 2 ақпан  күндері не болған екен?

Тарихта бүгін 2 ақпан

Бүгін 2 ақпан. Тарихта 2 ақпан  күндері не болған екен?

Александр Селькирк 4 жыл 4 ай бойынша Чили жағажайына 400 мил қашықтықтағы, сол кездегі атымен «Isla Más a Tierra» аралында жалғыз өзі өмір сүргеннен кейін 1709 жылы 2 ақпан күні Вудс Роджерс тарапынан құтқарылды. Баршаға аян  Даниэль Дефон «Робинзон  Крузо» атты атақты романын осы оқиғалардың желісінен алып жазған. Тіпті аралдың аты 1966 жылы Чили үкіметі тарапынан «Isla Robinsón Crusoe» деп өзгертілді.

***

1970 жылы 2 ақпанда ағылшын математик, тарихшы және сыншы, Нобель әдебиет сыйлығының иегері Бертран Рассел дүниеден озды. Өмірі бойынша соғыстарға қарсы шыққан Рассел еркін сауда және империализмге қарсы болғандарды қолдады. Бейбіт сүйгіш тұғыры салдарынан Бірінші Дүниежүзілік соғысы барысында түрмеге қамалды. Екінші Дүниежүзілік соғысында Гитлерге қарсы компаниялар ұйымдастырған Бертран Рассел Вьетнам соғысындағы тұғырына байланысты АҚШ үкіметін айыптады. Атомдық қарулануға да қарсы болған Расселдің соңғы әрекетінің бірі де Израильдың Орташығыстағы елдерге қарсы ұстанған тұғырын сынға тартқан бір хаттама жариялауы еді.

Бертран Рассел адам құқықтары және еркіндікті жақтаған шығармалары себепті 1950 Нобель әдебиет сыйлығына лайықты деп табылды.

***

2000 жылы 2 ақпанда Кот-д-Ивуар Ұлттық футбол командасы Африка кубогының алғашқы іріктеу турында жеңілген соң мемлекеттің диктаторы команданы бір әскери лагерге жапты. 2000 жылында табыссыз болғанымен соңғы жылдарда Кот-д-Ивуар Ұлттық футбол командасы 2006 ФИФА Әлем кубогына және 2010 ФИФА Әлем кубогына қатысқан командалар ішінде орын алды.

***

Біріккен Ұлттар Ұйымы «Климат рапорты» 2007 жылы 2 ақпанда жарияланды. Жаһандық жылынудың адам өміріне қауіп төндіргені жөнінде ескерту жасалды.

Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады.

 

 

 


Этикеттер: футбол , Нобель , тарих

Ұқсас жаңалықтар