Тарихта 1 ақпан

Тарихта бүгін

Тарихта 1 ақпан

1 ақпан 1979 жыл... Иран Ислам төңкерісінің рухани лидері Аятолла Хумейни Франциядағы айдаудан Иранға оралды. Иранда оны керемет қарсы алды. Хумейни саяси пікірлеріне байланысты 1964 жылы жер аударылып, сүргіннің бірінші жылы Түркияда Бурса қаласында тұрды. Иранда Мұхаммед Рыза Пехлеви билігі тоқтап,  Ислам Республикасын құрған және төңкерістен кейінгі барлық діни өкілеттікті қолына алған шиіт басшы Хумейни он жыл бойы Төңкерістің жетекшілігін де атқарды.

**

1988-1989 маусымында Түркия Бірінші лигасында 39 голмен Еуропа Гол королі атанған Галатасарай клубының футболшысы Танджу Чолак 1 ақпанда Монте-Карлода «Алтын бутсы» жүлдесін алды. Танджу - «Алтын бутсы» алған тұңғыш түрік футболшы. Футбол карьерасын Самсун Йолспорт командасында бастаған Чолак Фенербахче және Галатасарай командасы құрамында бес мәрте Түркия Футбол лигасында «гол королі» атанды. Ол - Түркияда 240 голімен ең көп гол салған екінші ойыншы. Чолак 31 мәрте түрік құрама командасында ойнады.

**

Түркия рок музыкасының жетекшілерінің бірі,  Анадолы рок түрінің құрушысы Барыш Манчо 1999 жылдың 1 ақпан күні дүниеден озды.

200 –ден астам әні оған 12 «Алтын күйтабақ» және 1 «Платин күйтабақ» жүлдесін алып берді. Осы әндерінің кейбірі кейіннен араб, болгар, фламенк, неміс, француз, иврит, ағылшын, жапон және грек тілдеріне аударылды. Теледидарда бағдарлама дайындап, әлемнің көптеген елін шарлады. Сондықтан «Барыш Челеби» деп аталып кетті.



Ұқсас жаңалықтар