Тарихта 31 қаңтар

Тарихта бүгін.

Тарихта 31 қаңтар

1729 жыл 31 қаңтар…

Османлы мемлекетінде тұңғыш кітап жарық көрді. Түрік тілінде кітап және газет басу мақсатты 1727 жылы құрылған Османлының алғашқы баспаханасында басылған осы кітап Фарабтық Джевхеридің «Сихахы Джевхери» атты араб тілі сөздігінің Вани Мехмет бин Мұстафа тарапынан жасалған аударамасы болатын. Османлыға алғашқы баспахана технологиясын Ибрахим Мүтеферрика 1719 жылы әкелген еді.

***

1876 жыл 31 қаңтар…

АҚШ-та үндістердің барлығы «Үндіс брондауы» деп аталған өздеріне бөлінген арнайы жерлерде өмір сүруге мәжбүрленді. 1492 жылы 12 қазан күні Христофор Колумб Үндістан деп жаңылысып АҚШ-ты ашып, сол жерлерде өмір сүрген жергілікті халықтар үшін қорқынышты бір кезең басталды. Жаңа бір әлемде өмір сүріп, байлықтарын иеленгісі келген еуропалықтар АҚШ-қа көшті. Еуропа текті АҚШ-тықтар деп аталған осы қоғамдар үндістерді елді-мекендерінен айдап, әртүрлі жұқпалы аурулар, физикалық тұрғыдан және мәдени тыйымдармен қыра бастады. Үндістерге жасалған зұлымдықтардың бірі де оларға берілген шектеулі алаңда өмір сүруге мәжбүрлеу еді. Осыған «Үндіс брондауы» деп ат қойды.

2000 жылы 8 қыркүйек күні АҚШ Үндіс істері кеңсесі төрағасы батыстықтар жасаған «этникалық қырғын» қозғалысына кеңсе қосқан үлес үшін ресми түрде кешірім сұрады.

***

1914 жыл 31 қаңтар…

19-шы ғасырдың Османлы дәуірінің түрік әдебиетінің белгілі ақыны, жазушысы Реджаизаде Махмуд Экрем дүниеден озды. 1847 жылы дүниеге келген, өте жақсы білім алған соң мемлекетте маңызды орындарда жұмыс істеген және алғашқы мақалалары сол кезде «Отан ақыны» деп аталған Намык Кемал басшылық жасаған Тасвир-и Эфкар газетінде жарияланды. 1870 жылдан кейін өзін толығымен жазуға берді. Батыс әдебиеті шығармаларынан аударма жасады. 1870 жылы “Афифе Анжелик” атты алғашқы сахна ойынын, 1871 жылы да «Нағме-и Сехер» атты өлең кітабын баспадан жариялады. Жалғыз романы болса түрік әдебиетінде реализмнің алғашқы үлгісі деп есептелген «Көлік махаббаты» атымен баспадан шықты.

Танымал әдебиетші дүниеден озған күні мемлекетте мектептерге демалыс беріліп, ұлы жазушы үшін үлкен бір жаназа рәсімі ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар