Тарихта 11 қаңтар

Тарихта бүгін

Тарихта 11 қаңтар

Бүгін 11 қаңтар. Тарихта 11 қаңтар күндері не болған еді?

***

630 жылы 11 қаңтар күні мұсылмандар  Мұхаммед бин Абдуллахтың басшылығында Қағбаны жеңіп алды. Меккенің жеңісі барлық Сард Арабиясының жеңісін қамтамасыз еткен және Ислам дінінің таралуын тездеткен маңызды бір бастама болды.

***

1921 жылы--Азаттық соғысының Бірінші Инөну шайқасының аяғы. Осы кезде Грекия күштері кері шегінді. Бірінші Инөну жеңісімен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан құрылған жүйелі армия алғашқы жеңіске қол жеткізді.

***

1922 жылы 11 қаңтарда Инсулин дәрілері қант диабетімен ауырған науқастарға тұңғыш рет қолданылды. Инсулин дәрілерімен емделген бірінші адам--Ленард Томпсон атты  14 жасар  диабет науқасы.

***

1946 жылы 11 қаңтарда Энвер Ходжа Албанияда Халық Республикасын жариялады және мемлекеттің бірінші елбасы болды.

***

1693 жылы 11 қаңтар күні Этна жанартауы алғаш рет атқылады. Италияда  Сицилияның шығысында 3300 метр биіктікке көтерілген Этна--талай ғасырдан бергі Еуропа құрлығындағы ең биік жанартау. 


Этикеттер: Албания , Грекия , Мекке

Ұқсас жаңалықтар