Тарихта 8 қаңтар

Тарихта бүгін

Тарихта 8 қаңтар

Бүгін 8 қаңтар. Тарихта 8 қаңтар күндері не болған екен?

***

1916 жылы Одақтас елдердің әскери күштері Османлы армиясының Дарданель қорғанын бұза алмады. Дұшпан күштері жеңіліске ұшырап, Гелиболу түбегінен шегіне бастады. Табыссыз болғандықтан ағылшын теңіз күштері қолбасшысы адмирал Уинстон Черчилль  отставкаға кетті.

***

Астрономия ғалымы Галилео Галилей 1642 жылы түрмеде қайтыс болды.

***

1945 жылы Искендерун порты қызметке қосылды. Искендерун-Хатайдың адам саны жағынан екінші үлкен ауданы. Түркияның төртінші порты болып табылады.

***

1960 жылы 8 қаңтар күні Хирфанлы бөгеті қызметке қосылды. Кызылырмак өзені үстінде салынған бөгет Түркияның ең үлкен бөгеттерінің бірі болып табылады.

***

1986 жылы 8 қаңтарда сегіз өнерпазға Жоғарғы оқу орны басқармасы тарапынан «профессорлық» атағы берілді. Осы өнерпаздар арасында Йылдыз Кентер, Хикмет Шимшек және Невит Кодаллы да бар.

 

 


Этикеттер: Хатай , Османлы , тарих

Ұқсас жаңалықтар