Мирзиеев Түркия Дін істері басқармасы төрағасын қабылдады

Өзбекстан президенті Проф. Ербашты қабылдады.

831211
Мирзиеев Түркия Дін істері басқармасы төрағасын қабылдады

Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзиеев екі күндік сапармен Ташкентке келген ТР Дін істері басқармасы төрағасы Проф. Др. Али Ербашты қабылдады.

ТР Дін істері басқармасынан жасалған хабарламаға қарағанда, Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте жүрген Дін істері басқармасы төрағасы Ербаш президент Мирзиеевпен кездесті.

Хабарламаға қарағанда, Ербаш Өзбекстанға келгеніне қуанышты екенін білдіріп,  екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы, дін қызметі және дін білімі тақырыптарында көзқарас алмасты.

Президенттік сарайда болған қабылдауда екі елдің діни органдары арасында дін қызметтері,  білім және діни білім саласында ынтымақтастық, Түркиядағы студенттердің Бухара, Самарқанд,  Ташкент,  Фараб секілді ілім ордаларына келіп,  Өзбекстанның тарихтағы маңызын білуі, Түркияда Жоғары оқу кеңесінің Мәулана бағдарламасы аясында екі елдің университеттері арасында студент және оқытушы алмасу тақырыптары күн тәртібіне келді.

Қабылдауда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мұсылман елдер арасында болуы керек ынтымақтастыққа көңіл бөлді.

Екі сағаттық кездесуге Дін істері басқармасы төрағасы Ербашпен бірге Кавказ Мұсылмандары басқармасы төрағасы Аллахшүкір Пашазаде де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар