НАСА Ай бетінде химиялық жолдармен су қоспаларын өндіру формуласын тапты

"Әрбір жартас Күн самалына дөп келгеннен кейін су өндіру күшіне ие болады"

1150224
НАСА Ай бетінде химиялық жолдармен су қоспаларын өндіру формуласын тапты

Америка Құрама Штаттарының Авиация және Ғарыш агенттігі кеңсесі НАСА  мамандары Ай бетінде химиялық жолдармен су қоспаларын өндіру формуласын тапты.

НАСА-дан жасалған мәлімдемеде зерттеу мамандарының "Күн самалы" аталған, ғарыш бостығындағы электронды бөлшектер ағысы Айға белгілі жылдамдықпен жеткен жағдайда, су қоспалары элементтерінің тұрақтауына ыңғайлы орта жаратқаны білдірілді. 

НАСА мамандары компьютер модельдеу әдістемесін дамыту арқылы Күн самалы Ай бетіне жеткізген протон бөлшектері мен электрондардың өзара әрекеттесу күштері арқылы сутегі атомдарын өндіретінін, бұл атомдардың  осыдан кейін Ай бетінде ілгерлеп, "Реголит" аталған Ай топырағындағы кремний (Si02) және басқа молекулаларға тәуелді оттегі атомдарына қосылу мүмкіндігін дәлелдеді. 

Мамандар соғылысу жылдамдығы жаратқан химиялық әрекеттесу арқылы бірбіріне қосылған сутегі мен оттегі молекулаларының судың негіздік қоспасы болып табылатын гидроксил (OH)  немесе суды (H2O) өндіретінін білдірді. 

НАСА зерттеу мамандары Күн самалы Ай бетіне жеткізген протон бөлшектері мен электронды бөлшектердің Ай бетіне 450 километр жылдамдықпен соғылысқан кезде Ай топырағындағы қоспалар кремний (Si02), темір және оттегі атомдары арасындағы байланыстарды үзетінін және оттегі атомдарын бөлу арқылы сутегіне айналуына ыңғайлы орта жарата алатынын дәріптеді. 

НАСА-ның  Goddard Ғарыш Ұшу орталығынан маман физик Уильям Фаррелл:

"Әрбір жартас Күн самалына дөп келгеннен кейін су өндіру күшіне ие болады" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар