Түркия Малайзиядағы теңіз және авиация көрмесіне қатысады

«Халықаралық Langkawi теңіз және авиация көрмесі 2019» іс-шараларына араларында Түркия да бар 31 ел қатыспақ.

Түркия Малайзиядағы теңіз және авиация көрмесіне қатысады

Малайзияда наурыз айында ұйымдастырылатын «Халықаралық Langkawi теңіз және авиация көрмесі 2019» (Лима 19) іс-шараларына араларында Түркия да бар 31 ел қатыспақ.

Малайзия Қорғаныс министрі Мұхаммед Сабу 26-30 наурыз күндері арасында Малайзияның Langkawi аралында өтетін көрмеге Түркиядан бастап араларында Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Украина, Ресей мен Австралия да бар 31 елдің қатысатынын және қатысушы ел сандарының артуын күткендерін атап көрсетті.

Түркияның қатысуының маңызды екеніне назар аударған министр Мұхаммед «Көрмеде қатысушылардан жалпы 12 ел өзінің көрме шатырларын құрады. Қорғаныс өнеркәсібімен танымал Түркия 730 текше метрлік алаңда ең үлкен көрме шатырына ие болады» деді.

Мұхаммед көрмеде %60 қорғаныс өнеркәсібі және %40 саудалық өнімдердің орын алатынын атап, барлығы 354 қорғаныс және сауда фирмасының көрмеге қатысатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар