13 ақпан - Дүниежүзілік Радио күні

Әлем көлемінде шамамен 44 мың радио станция бар.

13 ақпан - Дүниежүзілік Радио күні

Әлем көлемінде шамамен 44 мың радио станция бар.

Телефон мен телеграммадан кейін 19-ғасырдың аяғында ойлап табылған радио әсіресе дүниежүзілік соғыс барысында миллиондаған адамға хабар тарату мүмкіндігін қамдады.

Артынан жетілген технологиямен жабдықталған радио әлем көлемінде миллиондаған адамның ең маңызды хабар алу құралдарының бірі болуды жалғастыруда. Радио әсіресе арзан құрал болуы және сондықтан ең кедей аймақтардағы азаматтармен байланыс құру себебімен әлі күнге ең мықты бұқаралық ақпарат құралы болып есептеледі.

Төтенше жағдай және апат секілді салаларда жаһандық деңгейде маңызды рол ойнауды жалғастырған радио қоғамдардың әлеуметтік тұрмысы үшін де маңызды.  

ЮНЕСКО деректеріне қарағанда,  әлем көлемінде шамамен 44 мың радио станциясы бар. Радио саны әсіресе Африкада әлі газет пен теледидар санынынан  да артық.  Африкада үйлердің 80-90 пайызында радио бар. Танзанияда тұрғын санының 83, Замбияда болса 85 пайызы жаңалықтарды радиодан тыңдайды.

ЮНЕСКО радионың маңызын атап көрсету және халықаралық радио хабар таратушылары арасындағы ықпалдастықты арттыру мақсатымен 13 ақпанды Дүниежүзілік Радио күні деп жариялады. Осы шеңберде жыл сайын 13 ақпан күні Радио күні түрлі тақырыптарда атап өтіледі.

Мысалы биылғы Радио күні тақырыбы – диалог, толеранс пен бейбітшілік.



Ұқсас жаңалықтар