Түркия білім жәрмеңкесі өтті

Талапкерлер екі күн бойы Түркиядағы білім беру мүмкіндіктері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметке ие болды.

Түркия білім жәрмеңкесі өтті

Түркия Маариф фонды тарапынан Түркия Білім жәрмеңкесі Малиде ашылды.

Бамакодағы Маариф мектептері айлағындағы жәрмеңкеге Түркиядан 7 университет қатысты.  Білім жәрмеңкесіне келушілер Түркиядағы университет және білім мүмкіндіктері жөнінде толық мағлұмат алды.

Түркияның Бамакодағы өкілетті елшісі Мурат Мұстафа Онарт бетешар баяндамасын оқыған бағдарламаға Түркия Маариф фонды Әлеуметтік мәдени әстер департаментінің басшысы Хамза Өздемир, Мали Ұлттық білім беру министрлігі кеңесшісі Иссиака Ниамбеле мен Түркия Маариф фондының Малидегі басшысы Ешреф Биринджи қатысты.

Талапкерлер түрік университеттерінің стендтеріне үлкен қызығушылық танытты. Университет өкілдері де талапкерлерде толық мәлімет беріп,  кітапшалар таратты.

Жәрмеңкеге келген ата-аналар да түрік университеттерінің Бамакоға келгеніне қуанышты екендерін айтып жеткізді.

Талапкерлер екі күн бойы Түркиядағы білім беру мүмкіндіктері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметке ие болды.

Түркия Маариф фондының үшінші жәрмеңкесі келесі ай Тунисте өтеді.



Ұқсас жаңалықтар